Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 4432 1 пікір 1 Сәуір, 2017 сағат 17:51

Минскіде Президент жолдауы талқыланды

31 наурызда Қазақстанның Минсктегі Елшілігінде Гродно облысы Волковыск қаласының Жастар Парламентінің 25 адамнан құралған делегациясы болды. Кездесу барысында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенов қонақтарға Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздіктің 25 жылдық жолындағы Қазақстан Республикасының дамуы, Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформалар, Елбасының Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік” Жолдауы туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.

ҚР Елшісі Елшілік пен Волковыск қаласының басшылығы а көптеген жылдар бойы тығыз достық қарым-қатынаста екендігін атап өтті. Е.Бөлегенов Волковыск қаласын босату кезінде ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры - қазақстандық  Қазбек Нұржановтың ерлігін ұмытпай қастерлеп жүргендері үшін Волковыск қаласының басшылығы мен тұрғындарына, сонымен бірге оқушыларына үлкен алғысын білдірді.

Мәлім болғандай, Волковыск жанындағы бауырластар зиаратында батыр Қ.Нұржановқа арнап ескерткіш орнатылған, сол қаланың Южный мөлтекауданындағы көшелердің біріне Қазбек Нұржановтың есімі берілген.

Жыл сайын, 1978 жылдан бері, Отан қорғау күні қарсаңында Олимпиадалық резервтегі № 1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде Кеңес Одағының Батыры Қ.Б.Нұржановтың Кубогіне жеңіл атлетикадан облыстық жарыстар өткізіліп тұрады.

Елші Е.Б.Бөлегеновтің басшылығымен Қазақстан Елшілігі  жыл сайын аталған шараға қатысып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға бір-біріне беріліп отыратын Кубоктарды, бағалы сыйлықтар мен жүлделерді тапсырып отырады.

Жастар Парламентінің мүшелеріне Қазақстан Елшілігінің атынан қабылдау ұйымдастырылып, сувенирлер берілді.

ҚР-дың БР-дағы Елшілігі

Abai.kz

1 пікір