Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2287 0 пікір 8 Қазан, 2010 сағат 04:22

Түркия полициясының Саварона яхтасындағы дау-дамайға байланысты Машкевичке, Ибрагимовқа және Шодиевке тағатын айыптары жоқ – БАҚ

Алматы. 7 қазан. ҚазТАГ - Түркия полициясының Саварона яхтасындағы дау-дамайға байланысты қазақстандық бизнесмендер - Александр Машкевичке, Алиджан Ибрагимовқа, Патох Шодиевке және Ресей бизнесінің өкілдеріне тағатын айыптары жоқ, деп хабарлайды түркиялық бұқаралық ақпарат құралдары.

Еске сала кетейік, өйткен аптада түрік бұқаралық ақпарат құралдары кезінде Мұстафа Кемал Ататүрікке тиесілі болған яхтада ұйымдастырылған жезөкшелер үйінің қызметі тоқтатылды. Жезөкшелікпен күрес жөніндегі операция кезінде яхтада жезөкшелермен бірге қазақстандық бизнесмен Тевфик Ариф, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан елдерінің басқа да бизнесмендері ұсталған.

«Саварона яхтасында жүргізілген операция барысында ұсталған Т.А-мен (Тевфик Ариф) бірге әлемге белгілі бизнесмендер де болған. Яхтада болған ресейлік бизнесмендер Арби Гайрабеков, Муса Бажаев, қазақстандық бизнесмендер Алиджан Ибрагимов, Патох Шодиев, оның көмекшісі Александ Церт, Александр Машкевич полицияның сұрақтарына жауап беріп, олардың адам саудасына және жезөкшелікке еш қатысы жоқ екені анықталған соң босатылған», делінген turizmGuncel.com атты Түркияның туризм жаңалықтарының сайтындағы ақпаратта.

Сайттың хабарлауынша, күдіктілер сотта болған кезде «ұлты әзербайжан ресейлік бизнесмен Тельман Исмаилов күдіктімен 10 минут кездесіп, кетіп қалған».

Журналистердің мәліметінше, қазақстандық бизнесмен Т.Ариф полицияның өзіне таққан айыптарын мойындамаған, ол Түркияға $15 млрд инвестициялағанын атап өткен. Оның айтуынша, достары үшін жалдаған яхтада бизнесмен оларды Түркияға инвестиция құюға шақырған. «Мен яхтаның ерекшеліктері туралы білен емеспін. Біз онда демалу үшін ғана жиналдық. Мен – атым әлемге танымал бизнесменмін. Маған тағылған айыптар ауыр», - деп мәлім еткен Т.А.сөздері хабарламада келтірілген

Мақалада келтірілген ақпаратқа сәйкес, «яхтаны бір тәулікке жалға алу құны $50 мың, бұл қаржыны долларлы миллиардер А.Машкевич төлеген».

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2149
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1778
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533