Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5298 5 пікір 30 Наурыз, 2017 сағат 18:10

Мұхтар Құл-Мұхаммед: мемлекеттік қызметкердің басты міндеті – өз халқына қызмет ету

Меритократия іске асырылуда: өткен жылы 6 мың мемлекеттік қызметкердің лауазымы жоғарылатылды.

Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед Астанада мемлекеттік қызмет реформасына арналған партиялық тыңдау өткізді. Оған «Нұр Отан» партиясынан депутаттар, барлық негізгі министрліктер мен ведомстволардың басшылары, оның ішінде Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов, сондай-ақ аймақтық әкімдіктердің  өкілдері қатысты.

Кездесу кезінде меритократия қағидасына , яғни ерекше лайықты және кәсіпқой мамандарды басшылық лауазымдарына ұсынуға негізделген мансаптық өсудің жаңа үлгісін енгізудің  алғашқы нәтижелері жарияланды. 2016 жылы 6 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қызметкер жоғары лауазымға ие болды. Бұл 2015 жылға қарағанда 4 есе көп. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары өз сөзінде президенттің мемқызметкерлер конкурстарын айқын және алдын ала ойластырмай,  кандидаттардың кәсібилігі мен жеке басының лайықтылығын бағалау негізінде өткізуді тапсырғанын атап айтты. Осыған байланысты Мұхтар Құл-Мұхаммед қоғамдық өкілдер мен сарапшыларды бос орындар конкурсын бақылауға тарту тәжірибесін кеңейте түсуге шақырды.  «Әрбір мемлекеттік қызметкердің басты және қасиетті міндеті – өз халқына қызмет ету, өз елінің заңдарын құрметтеу және өз антына адал болу. Ол үшін мемлекеттік қызметкер өзінің білімін тұрақты түрде жетілдіріп отыруы және өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау түсуі тиіс», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Abai.kz

5 пікір