Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2810 0 пікір 8 Қазан, 2010 сағат 04:10

Ерлан ӘБДІРҰЛЫ. Мешіт пен макетті қашанғы шатастырамыз?

Шымкентке жолымыз түсті. Көлік тізгінін ұстап отырған ағай (елуді еркін еңсерген) сөзді сапырып келеді. Кәдімгі үйде күрең шайды үпіріп ішіп отырып Ақордаға саясат үйрететін әңгімелер. Ағамыз Бен Ладеннің қай үңгірде тығылып жүргенінен де, Мәдина Сәдуақасованың  қай концертке қандай көйлек киіп шыққанын да хабардар. Діннен хабары тіпті көп сияқты. Әйтеуір, жолай ұшырасып жатқан мешітердің көптігін жаратпады...

Журналистің сүйікті сұрағы «негені» айттық. Сөйтсек, мешіт көбейгеннен пайда жоқ екен, жастарымыз намаз оқып кетіпті, қыздарымыз етек-жеңін қымтап қойыпты. «Бұдан не зиян?» дейміз ғой баяғы. Уәж - «жап-жас боп жігіттердің намаз оқығаны несі, қыз деген құлпырып жүрмес пе...». Ақсақал жасына аяқ артып қалған ағамыздың өзі намаз оқымайды. Айтуынша, «әлі үлгереді». БАҚ-ты бақылап отыратын ағайын білетін де болар, казір баспасөз бетінде осы тақылеттес әңгімелерді жиі ұшыратасыз. Яғни, қазір дін туралы дін ұстанбайтындар көбірек сөйлейді. Өзі адасып жүргесін жұрттың тура жол тапқанына күмәнданады.

Қазір қай сайт, қай газетті ашып қалсаңыз да, діни басқарма, дінбасы сайлауы туралы ең құрығанда тілдей ақпарат жүреді. Дінбасы сопы, уахаб, тәпкірші, исматуллашы, анаушы-мынаушы, итші-битші сияқты діни кландардың қайсысынан сайланар екен деп екі көзі төрт болады. Сосын әдеттегіше ұзын сақал, ұзын етек, келте балақты адамдарды қазақты қыруға келе жатқан Қалдан-Сереннің қырық мың қолынан да қауіпті деңгейге көтереді. Ақырында дін ұстанған қазақ баласының құлағынан жұлып тұрып жоғары нотада ақыл айтады. Нені ұмыттық?

Өздері адасып қана қоймай, елді де адастырып жүргендермен күресіп немесе күресейік деп ұран көтеріп, өңеш жыртып уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Мәселенің салдарымен емес, себебімен күресу керек. Батпаққа батып жатқан адамды шығарып алу үшін сол батпаққа өзіңіз түсіп, әлгінің құйрығынан көтермейтініңіз анық. Арқан тастап тартасыз. Солай емес пе? Ендеше, ондай топтарды жамандап жазып уақыт жоғалтпай, оларға алданбайтындай амал жасауымыз керек. Ол қандай амал? Кейінгі буынға насихатты күшейтуіміз қажет. Ал ол қандай насихат? Бәрі қарапайым ғана - Құдай бізге бар-жоғы бес-ақ нәрсені парыз етті. Құдай бір, одан өзгегеден жәрдем тілеме, жіберген пайғамбарын мойында. Намаз оқы, жәннаттан үміт қыл. Жылына бір рет отыз күн ораза ұста. Шамаң жетсе, қажылыққа бар. Дәулетің болса, зекетіңді бер. Бітті.

Қаламына елді ұйытқысы келетін ағайын да осыны ұқса дейсің. Әуелі өзіміз осы бесеуін шын ықыласпен орындап алайық. Сосын елге ақыл айту қашпайды. Құдайшылығымыз «құлхуалланы» үш қайыру мен жұма сайын шелпек пісіріп көршіге таратудың айналасынан аспайтын болса, жұрттың да миын шірітпегеніміз абзал болар.

Қазақстанда әртүрлі діни ұйымдардың көбеюі - ең бірінші өзіміздің ізденгіміз келмейтін енжарлығымыздан. Әйтпесе Құдайдың Құраны кез-келгеніміздің үйімізде бар. Бары бар болсын, оны оқымаймыз, ақ матаға орап шегеге ілеміз де тастаймыз. Құран - кісі өлгенде оқылатын сыңсу - тұрмыс-салт жыры сияқты. Егер әрқайсымыз сол Құранды оқып-білген болсақ - ешкім де моладан медет тілеп жүрмес еді. Хақ Исламның қандай шарттары барын әркім-ақ түсінер еді. Өзіміз, әрқайсымыз, сіз, мен,ол - берік болсақ, Алла дінін анық түсінген болсақ, іргемізді кім сөгеді?  Кәдімгі өмір заңдылығы: өзіміз әлсіз болған соң бас бұйдамызды біреулер иеленіп алған.

Ендеше, қазақ журналистері түрілген балаққа бола байбалам көтеріп емес, ұлттың бірігуіне әкелетін мақалалар жарияласа деген тілегіміз бар. Батыс баспасөзі күн сайын жағы талмай онсыз да Исламды террористердің діні деп жастарды мұсылманшылықтан алыстатқысы келіп уағыз жасап жатыр. Дін ұстанғандарды жамандап, біз де оған үлес қосып жатырмыз. Ислам жайлы білімі жетіспегендіктен шектен шығушылар бар шығар. Бірақ көп жағдайда БАҚ өкілдері осы қосаққа, «әлхамдулилла, мұсылманмын» деп бес парызын орындап, мемлекет, отбасы, ата-ана, ұл-қыз алдындағы хақы мен құқын реттеп отырған қарапайым мұсылмандарды да қоса салады. Исламға қарсы ақпарат ағынының тым қаттылығы соншалық, «көңілім ақ, жүрегім таза, анда-санда жүз грамдатуға болады» дегендердікі ғана жөн жол сияқты. Мұсылманмын деп мойынсұнғасын, халықты анық Исламға шақыруымыз керек еді ғой. Ал иманға «сен адасып жүрсің» деп айыптап емес, сүйіншілеп, «дұрысы былай» деп шақырады. Намаз оқымасаң - тозаққа түсесің деп емес, намаз оқысаң - жәннатқа кіресің деген сияқты. Ал хақ Исламға адастырмай апаратын компас - қасиетті Құран, Алла елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннеті.

...Казығұртқа да соқтық. Нұх пайғамбардың кемесінің макетіне шүберек байлағандар көп. Себебін сұрасаң, ешкім мандытып ештеңе айта алмайды, «әйтеуір,.жұрт байлап жатыр» ғой дейді. Мешіт пен макетті қашанғы шатастырамыз? «Ақсақал айтты, бай айтты» демей, өзіміз ізденейік те...

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2161
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1782
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534