Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3464 0 пікір 7 Қазан, 2010 сағат 05:25

Таразда медресе ашылды

Тараз. 6 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) сәрсенбі күні Таразда Хибатулла ат Тарази мешітінің жанынан құрылған медресені ашты.

«Мен елде ашылып жатқан барлық мешіттерді қарап жүрмін. Осыдан бірнеше жыл бұрын олардың саны 168 болса, қазір 2200 мешіт бар», - деп мәлім етті медресенің ашылуында мұсылмандардың діни басқармасының төрағасы, Қазақстан бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Нышанды лентаны Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен бас мүфти кесті. Кешенді қысқа уақыттың ішінде салып бітірген құрылысшылардың жұмысына жоғары баға берілді. Мұнда дәріс сыныптарынан басқа, намазхана, неке қию бөлмесі, асхана, кітапхана, отырыс залы бар. Құрылысқа Т142,9 млнжұмсалды.

«Енді Құран сүрелерін Тараздың жаңа медресесінде ресми зерттеуге болады», - деп атап өтті агенттікке сұхбат берген М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, «Гуонлён» дұңған жастары қозғалысының төрағасы Рашид Бакиров. Ол бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысында бірнеше жеке меншік медресе ашылғанын айтты. Бірақ жергілікті мұсылмандар оларға сақтықпен қарайтынын жеткізді.

«Ең бастысы, енді жастар сенімді, білімді имамдар мен шақырылған профессорлар дәріс беретін мекемеде білім ала алады», - деді Р. Бакиров.

0 пікір