Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2804 0 пікір 7 Қазан, 2010 сағат 05:13

Лента.ру сайтының жалған ақпаратқа қатысы жоқ көрінеді

Сәрсенбі күні кешкісін Ресейдің Лента.ру ақпараттық сайты (http://lenta.fishki.net/news/123109/) «Президент Казахстана подал в отставку»  деген тақырыппен жұрттың үш ұйықтаса түсіне кірмейтін тосын хабар таратты. Ғаламтор арқылы көз ілеспес жылдамдықпен тараған ақпаратта: «Қазақстан президенті қызметінен кететін мәлімдеді. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлап отыр. Президенттің сөзіне қарағанда, оның қызметінен кетуі 25-нші қыркүйек күні тіркелмеген «Алға» партиясы мен коммунистер партиясының президенттің қызметінен кетуін талап етіп, Алматыда өткізген референдумына байланысты болған», делінген. Қызды-қыздымен Ресей ақпараттық сайты Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұханбет Ертісбаев президент ұлт көшбасшысы мәртебесінен бас тартпақ ниетте екенін айтты деп  қосып қойған және сайлау 2011 жылдың ақпан айына белгіленіп отыр деген. Міне, елді елең еткізген сәрсенбінің кешінде Ресейден «ескен» жаңалық.
Алайда бұл жалған ақпараттың Лента.ру сайтына еш қатысы болмай шықты. ҚазТАГ былай дейді:
Сәрсенбі күні  бұл ақпарат шетелдік БАҚ-та тарады. Сондай-ақ, шетелде жүрген қазақстандықтар Қазақстандағы достарына хабарласып, «Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кеткені рас па?» деп сұраған.

Жалған ақпарат дизайны Ресейдің танымал ақпарат агенттігі Leta.ru сайтының дизайнына ұқсас және электрондық мекен-жайы да ұқсас интернет-ресурста жарық  көрген. Осыған байланысты ақпарат пайдаланушылар ақпарат көзіне қатысты қателескен.
Алайда танымал ресейлік БАҚ редакциясының қызметкерлері бұл туралы ештеңе естімеген. Агенттіктің шығармашылық жұмысын басқаратын редакторы Александр Филимонов ҚазТАГ-қа телефон арқылы  хабарласып Lenta.ru агенттігінің жалған ақпарат жарияланған сайтқа еш қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

«Абай-ақпарат»

0 пікір