Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2900 0 пікір 6 Қазан, 2010 сағат 07:09

Азғындаған өмір салтын бүкіл елге таңу кімге керек?

Өткен қыркүйек айының 22-сі күні Мәжілістің кеңейтілген отырысына қатысқан Прмьер-министр Мәсімовке Бекболат Тілеухан бастаған депуттар С. Ибрагимов, Л. Хочиева, Қ. Уәли сауал жолдап Хабар арнасында көрсетіліп жатқан «Жаным» атты көпсериялы фильмнің көркемдік идеяалық мәні мен аталған кинотуындыға жұмсалған қаражаттың көлемі туралы сұрады.

«Осы киноны жасаған "майталмандарымыздың" маңында бірен-саран еріккен, тойынған, тоғышарлар  бар шығар. Бірақ, олардың азғындаған  өмір салтын  бүкіл елге таңу кімге керек, несі орынды?» дейді депутаттар.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

"Айғайлай-айғайлай қасқырдан ұят болды" -  депті баяғыда біреу. Айтайын дегенім, қазақ киносы тағы бір "шедеврмен" толықты . Әрине тырнақшаның ішінде. Шедеврымыздың аты  да ат-ақ . "Жаным" деп аталады. Қазақша ойлайтын адамның қойған атауы емес екені анық. Сюжетінде сыра ішкен жалаңбұт қыз, зинақор әке, безбүйрек бала, жасқаншақ ана, бейәдеп әйел, ақымақтау әже, некудышный академик ата, қарындасымен көңілдес аға,  арасында күлкіңді келтіріп, аянышыңды туғызатын  мистикасымақ бірдеңелер.

Шынымен, біздің Қазақстанның қоғамы осындай ма? Егер мүйізі қарағайдай "Хабардың" өзі осындай киноны көрсетіп жатса, яғни солай деуге негіз болғаны ғой.

Осы киноны жасаған "майталмандарымыздың" маңында осындай бірен-саран еріккен, тойынған, тоғышарлар бәлки Алматыда бар шығар. Бірақ, олардың азғындаған  өмір салтын  бүкіл елге таңу кімге керек, несі орынды?

Кино сюжетіндегі  ана баласын алдадым, деп бүкіл Батыс Қазақстанның егіні күйіп кеткеннен әрмен қайғырады.  Енді біреуісі болмашы нәрсе үшін,  Шығыс Қазақстанның  барлық малы қырылып қалса олай қайғырмас.  Қымбат мәшинеге мініп бозбала үйінен қашады. Қазақстандық геологияның корифейі   интернетке кіруді қызынан үйренеді.  Компьютерде әріп теру білмейтін   ол қандай академик? Жай ғылым кандидатының  өзі жазу машинасында фортопианодағы  Рихтердей емес пе еді?  Қысқасы,  киномыздың бір сюжеті екіншісіне қайшы, шым-шытырық,  шимайқотыр. Логика деген ұғыммен  абсолютті түрде шатағы жоқ, кино емес- қойыртпақ, елді мазақтау, жұртты ақымақ қылу!

Қазақстандық көрермендер жақсы біледі  Ресейдің " Московская сага" деген телесериалы шықты. Бір әулеттің шежіресі арқылы, ел тарихын бейнелеген бұл фильм, бір әулеттің басына түскен нәубет арқылы елдің басына келген нәубетті жеке адамның трагедиясы арқылы ел қасіретін тамаша баяндай білген. Бауырмалдық, қайсарлық, махаббат, психологиялық ширығулар, сатқындық, мейірім, өмір бұралаңдары бәрі-бәрі қандай шебер қамтылады.  Тағылымы, тәрбиелік  мәні  зор,  тарихи ақпаратты да  сондай әсерлі бере білген. Неге осындай фильмдерден үлгі алмасқа? Ресейдің "Громовы"  фильмы қандай? Мына кәрістің  тарихи  тақырыпта түсірген арзан фильміндегі  патриоттық неге бізде жоқ? "Қазақстан" телеарнасы "Астанаға көктем кеш келеді ", "Ағайындылар" киноларын көрсетіп, біраз елді серпілтіп тастап еді.  Ал, "Хабардың" фильмы мынау!

Осыған байланысты қадірлі Үкімет!

1.  Мемлекеттік телеарналарда көрсететін бұқара санасына әсер ететін кез келген кинотуынды, қандай да бір хабар болсын бірлі-жарым БАҚ жетекшілерінің шешімімен емес, елдің зиялы қауымынан құралған көркемдік кеңестің сүзгісінен өтіп барып, жарық көруге тиіс. Әсіресе, прайм-тайм  ең ұтымды  уақытқа  қойылатын хабарларға ерекше назар аударылуы  қажет деп ойлаймын.

2. Осы киноға жұмсалған қаражаттың көлемі қанша?

3. Елдің санасына біз не құйып жатырмыз, ұрпаққа не тәрбие беріп жатырмыз? Алғашқы 7 сериясы мынау болса, алда тағы қандай пәле, не сұмдық  күтіп тұрғанын құдай біледі. Мемлекеттік арнадан  мынандай киноны көрсетуді тоқтатуды сұраймыз.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  " Кино дегеніміз барлығы. Кино бұл - идеология, кино бұл- сауық, кино бұл- БАҚ, кино бұл- патриотизм. Біз -  жас мемлекетпіз, әсіресе жас ұрпақты  патриоттық рухта тәрбиелеуіміз керек" демеп пе еді. Ал бұл киноның ішінде қандай идеология бар? Қарындасы мен ағасының "көңілдестігі" идеология болып па? Я болмаса, академиктің түртінектеп компьютер тере алмай отырғандығы  патриотизм болып па? Сыра ішкен жеңілтек қыз да   сауық па екен? Қазақшасы шала адамдар БАҚ болып па? Сондықтан да осы кино мәселесіне қайта оралып,  тиімді шешім қабылдауыңызды өтінеміз.

Фото: news.nur.kz

0 пікір