Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4379 0 пікір 6 Қазан, 2010 сағат 06:45

Алаш әні

Жарық дүниенің ақырына дейін Алаш баласының сан ұрпағы тамсайтын бір мұра болса, ол - Алаш мұрасы. Алаш ардақтыларының өмірі мен саяси қызметтері және шығармалары зерттеліп жатыр. Бірақ насихаты кем. Бәлкім, насихаттың болмауы Алаш зиялыларының толыққанды саяси бағасын ала алмай отырғандығында шығар.

Алашқа құрметіміздің сыйқына биыл тағы куә болдық. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Уәлитхан Танашев бастаған қазақтың саяси тұлғалары жанын салып жүріп заңды етіп бекіткен қазақ жерінің шекаралық аумағына 90 жыл толғанын бірлі-жарым баспасөзден басқа жан баласы жақ ашып айтпады. Бәлки, айтудан қорыққан болар... Өйткені, тәуелсіздік көктен түсті дейтін түсінік кезіп жүрген шақ қой бұл...

Хош, бүгінгі шекарамыздың алмағайып заманда қалай құжатталып бекігенін білсекте білмегенсідік делік. Ал, «жаңқам қалғанша, Алаш, сенің жолыңда жаным садаға» деп өткен Міржақып Дулатұлының 125 жылдығын қалай тойладық білесіз бе? Астанада бір жиын өтті. Сонымен бітті. Тағы да қазақ баспасөзінде қадау-қадау адамдардың мақаласы жарық көрді. Енді тек Міржақып Дулатұлы туралы деректі фильмді күтіп отырмыз. Оның қалай болып шығатынын бір Құдай өзі білсін...Міне, біздің бір жылдағы Алашқа құрметіміздің түрі.

Алайда, Алаш мұрасында зерттелмей жатқан дүние көп. Соның бірі Алаш зиялыларының ән мұрасы. Ең әуелі Алаштың әнұранынан бастайық.

«Арғы атам Ер Түрік, Біз қазақ еліміз,

Самал жел, шалқар көл, Сарыарқа жеріміз», деп басталатын ән Алаштың әнұраны болған деген дерек бар көрінеді. Алаш әнұранының музыкасы бізге жетпеген. Сөзін Міржақып Дулатұлы жазды деген пікірмен қатар Жүсіпбек Аймауытов жазды дегенде топшылау бар. Міржақып Дулатұлы демекші, ол кісінің «Мұң» деген әні бар екені белгілі. Сондай-ақ, Жүсіпбек Аймауытовтың «Екі жирен», «Қызыл қайың» деген әндері бар. Жүсекеңнің өзі өнердің әртүрінен құралақан жан болмағанын ескерсек, ол кісінің ел арасында белгісіз тағы бірнеше әні болуы бек мүмкін. Себебі, Алаш деген сөзді ауызға алсаң, ажалыңнан бұрын өлетін заман күні кешеге дейін жасағанын естен шығармағанымыз жөн. Сондай сұрқия заманда ел асылдан қалған мұраның жойылып кетпесі үшін кейбір әнді өзіне теліп жіберуі де ғажап емес. Ең бастысы - әнді сақтау және оны жеткізу.

Бүгінде дәстүрлі әншілер орындайтын Ахмет Байтұрсынұлының «Аққұм» деген әні бар екені әмбеге аян. Бірақ, бұл ән Ахаңдікі емес деген пікірде бар. Неге десеңіз, Затаевич қазақ әнін жинаған уақта оған көптеген қазақ әнін нақ осы Алаш зиялылары берген. Ендеше, Затаевич Ахаң берген әнді Ахмет Байтұрсынұлының әні деп жазып жіберуі де ғажап емес дейді әлгі пікірлердің егесі. Алайда, «Қарагөз» деген ән Ахмет Байтұрсынұлының әні екенін естеліктер дәлелдейді.

Енді, Мағжан Жұмабевқа келейік. Осы күні Мағжанның әні делініп жүрген екі ән бар. «Япыр-ау» мен «Дадидай-ау». Бұл екі әннің әуезіндегі ерекшелік Мағжанға ғана тән және өлең сөзі де Мағжанның қаламынан шыққанын аңғартады. Әйтсе де, «Япыр-ау» Мағжанның әні емес, бұл ән еліміздің батысындағы  ән мектебінің сазына келеді. Ал, Мағжан мұндай сұлу ән өлмес үшін өлең сөзін қайта жазып шығуы мүмкін деген пікірлер бар. Біздің ше, «Япыр-ау» сияқты болмысы бөлек әннің өлең сөзі ұмытылып кетуі мүмкін емес сияқты.

Біз алаштанушы ғалым емеспіз. Сондықтан, бұл шағын мақалада өзіміз көрген, білген, естіген деректерімізді келтіріп бақтық. Алаш әні туралы дүниенінің кем-кетігін толтыру үшін оқырмандар да білгенін ортаға салса, өрісіміз кеңейе түсер еді.

Нұра Матай, «Абай-ақпарат»

0 пікір