Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3604 0 пікір 5 Қазан, 2010 сағат 04:38

Риза Исаева. Жалдамалы құрсақ...

«Ищем суррогатную мать, в хороших условиях»

(«Вакансия» газетіндегі хабарландыру).

Суррогат ана - яғни ананың орынбасары, соңғы он бес жылда ғылымның перзентке зар отбасыларға жасаған тартуы десе де болғандай. Шарананы тоғыз ай көтеруге келісім берген ананың құрсағына сәбидің биологиялық ата-анасының гаметалары енгізіледі. Осылайша әйел нәрестені тоғыз ай көтеріп ата-анасына аман есен табыс етуі тиіс.

Жалпы әлемде бұл әдіспен қанша сәби дүниеге келгені туралы ресми мәлімет жоқ, алайда бейресми  сараптамаларға сенсек, дүниежүзінде суррогат ананың көмегімен 220 мыңдай сәби туылыпты. Ресейде бес жүздей шарана өмірге келсе, қазақстандық мамандар да суррогат аналардың көмегіне жүгінетіндер санының артып келе жатқанын мәлімдеген болатын.

Дұрыс-ақ, балалы үйдің тіршілігі мәнді екеніне дауымыз жоқ.  Дегенмен, таяқтың екінші ұшы бар.

Ресей заңына сәйкес,  20 мен 35 жас аралығындағы дені сау, құрсақ көтерген тәжірибесі бар әйел суррогат ана бола алады. Болашақ сәбидің заңды ата-анасымен жалдамалы ана өз келісімдерін хат түрінде рәсімдейді. Ал егер, суррогат әйел тұрмыста болса, оның жолдасы хат арқылы келісімін беруі тиіс.

Біздің елімізде бұл мәселе «Азаматтардың репродуктивті хұқықтары мен оларды жүзеге асыру кепілдіктері» туралы  2004 жылдың 16 шілдесінде жарық көрген Заңның  он жетінші бабымен реттеледі. Жалдамалы анамен ата -ананың арасында жасалатын келісім шартқа баса көңіл бөлген бұл құжатта құрсақ көтеруге келісім берген әйелдің жасы мен отбасылық жағдайына қойылатын талаптар нақты анықталмаған.

Мәселенің осы жағы біршама күмән тудырады. Өйткені бүгінде Қазақстанда ресми мәліметтер бойынша ғана алпыс мыңдай жетімек бар. Олардың сексен пайызға жуығы - тірі жетім. Екінші сөзбен айтқанда,  әке шешесінің жауапсыздығынан балалар үйінде тәрбиеленуге мәжбүр. Олардың арасында тастандылар да, ата-анасы ішкілікке салынғандар да, өз еркімен баласынан бас тартатқандар да бар.

Онсыз да ақша үшін беттің арын  белбеуден төмен тастаған заманда ақша тауып, күн көру үшін, бала тууға бел буатын жандар көбейсе, олардың арасында оң жақта отырған бойжеткендер жүрсе, одан өткен еш масқара болмасы анық. Олай дейтініміз - жоғарыда айтылған «Азаматтардың репродуктивті хұқықтары мен оларды жүзеге асыру кепілдіктері» туралы  заң сын көтермейді. Суррогат ананың отбасылық жағдайына қойылатын талап заңда анық көрсетілмеген. Ал, жалдамалы ана, бойына сәби біткен сәттен бастап, биологиялық ата-анадан материалдық көмек алып тұратынын ескерсек және ол азын-аулақ сома емес екеніне мән берсек, қаржыға кенелудің өте тиімді әдісі болып табылмақ. Тіпті, оңай олжа. Тек денсаулығыңыз жарап берсе болғаны - ең бастысы сәбидің болашағын, оның құрсақтағы рухани тынысын ойлаудың түкке қажеті жоқ. Нағыз жауапсызға арналған табыс көзі.

Бұл аз десеңіз, егер дүниеге келген шарана өздеріне ұнамай жатса,  биологиялық  ата-ананың да сәбиден бас тартуға қақысы бар. Бұл жағдайда оны дүниеге әкелген әйел нәрестенің анасы болып мойындалады. Бірақ, тек ақша үшін ана болуға келіскен жан бейкүнә сәбиді бауырына басуы екі талай. Сонда суррогат нәтижесінде туылған баланың да сәбилер үйін жағаламасына еш кепілдік жоқ.

Ал, діни тұрғыдан қарағанда, ислам дінінде де, христиан дінінде де суррогат ана болу мақұлданбайды. Исламда ол, кейбір діни сарапшылардың пікірінше, әйелдің арынан аттауы, яғни күнә жасауымен тең болып есептеледі. Бұған  қоса құрсақты жалға алу арқылы Жаратылыстың әйел мен ер адамға берген зипа  қасиетін тұтыну құралы етіп  арзандатумен тең. Сондықтан, мұсылман елдерінің көпшілігінде дерлік оған рұқсат жоқ.  Тіпті, Австрия, Норвегия, Швеция, Франция және Американың бірқатар  штаттарында, Италия, Швейцария, Германия сияқты Еуропа елдерінде де оған тиым салынған. Италия, Франция, Германия сияқты елдерде бұл тиымды бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салынып, тіпті түрмеге жабу да көзделген.

Австралия, Ұлыбритания, Дания, Италия, Израиль, Испания, Канада, Нидерланды және Американың бірқатар штаттары  әйел жатырын жалға беруді рұқсат еткенімен суррогат анаға ақы төленбейді. Яғни, ана болатын жан «тегін қызмет көрсетуге» келісім беруі тиіс.  Ал, Израильде  суррогат ананың қызметін қолдану үшін әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер мен дін өкілдерінен тұратын арнайы комиссияның мақұлдауы қажет.

Жапондық гинекология және акушерлік ассоциациясы бұл әдісті қолдану дұрыс емес деп есептейді.

Суррогат ана болуды табыс көзі ретінде заңмен реттеген елдер қатарында Американың бірқатар штаттары, Оңтүстік Африка республикасы, Ресей Федерациясы, Грузия, Украина, Белоруссия және Қазақстан бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 501
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 261
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 285
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 285