Сенбі, 4 Мамыр 2024
Қоғам 5167 0 пікір 12 Ақпан, 2015 сағат 09:59

ЕЛ МЕН ЕЛБАСЫ: КҮПТІ САУАЛДЫҢ НАҚТЫ ЖАУАБЫ

Ел көңілін алаң ететін жайттарды жасырып-жабуға болмайды. Әсіресе, тұтас әлемді шарпыған қаржы дағдарысы мен қырғи-қабақтық текетірестер тұсында Тәуелсіздігінің жиырма үшінші жылдығына қадам басқан Қазақстан үшін әрнені ойлап, алағай күй кешу заңдылық шығар. Демек, әрқайсымыздың көкейімізде «Әй, қалай болар екен?» деген сауал анық болды. Оның жауабын іздеп Үкімет үйіне қарай үңілгеніміз тағы рас. Енді, елдегі барлық шаруаның атқарылуына жауапты кабинет болғасын бұқараның бір жауап дәмететінін түсінуге болады. Деп жүргенде, осы жұрт көңіліндегі көп сұрақтың жауабын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі берді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы елдегі жағдайды алақанға салғандай біліп отырғанын айтып, ертеңгі күннің басты бағыттарын да айқындады. Біз ақ жағалылардың айтулы жиынында сөз болған жайттарды ел-жұрттың көңіліндегі кейбір өзекті сауалдарға қарай негіздеп ұсынып отырмыз. Сонымен…

ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС БАР МА?

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Біздің қазіргі экономикалық саясатымыздың бағыты дұрыс. Келеңсіздіктер – сыртқы нарықтың әсері. Қазақстан ішінде экономикалық дағдарыс жоқ. Біз қиындықтарды күтіп қарап отырмай, оның алдын алу үшін жедел шараларды қолға алдық. Оны халық біледі. Ең жақсы жоспарлар заманға байланысты икемделіп, бейімделе білуі керек.

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫҢ ҚҰЛДЫРАУЫНА НЕГІЗ БАР МА?

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Ұлттық банкке сенбейтіндей менде еш негіз жоқ. Мен өткен жолы да ескерткен болатынмын, қазіргі өткір кезеңде түрлі арандатулар, өсек-аяңдар, пәлеқорлықтың барлығы пайда әкелмейді. Біз оларды жауапкершілікке тартуымыз керек. Мен тағы да Қазақстан халқына жария етемін: біз ештеңені де жасырмаймыз. Қиындықтар болса, халықпен бірге көреміз және алда туындайтын мәселені ашық айтамыз. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеу, экономиканың нақты секторын қаржылық ресурстармен қамту - Ұлттық банктің бірінші кезектегі мақсаты.

БЮДЖЕТТІҢ ҚЫСҚАРУЫНАН БҰҚАРАҒА КЕЛЕР ЗИЯН БАР МА? 

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Үкіметке 2015 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарын 700 млрд. теңгеге немесе жалпы шығыс көлемінің 10 пайызына қысқартуды тапсырамын. Бұл ретте халық алдындағы мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің бір теңгесіне де тиіспеу қажет.

ҚАНДАЙ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КЕЙІНГЕ ҚАЛАДЫ?

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Мен әлеуметтік қажеттілікке арналған шығыстарды қысқарту туралы ұсыныс бар екендігін білемін. Бұл жақсы ұсыныс, қарапайым адамдарға қатысты болмағанда  оны қолдауға да болар еді. Мәселен, оны қарапайым адамға шығын келтірместен қайдан іздеуге болады? Мәселен, біздің шығыстар: банктерді қолдау үшін 500 млрд., қысқы Универсиадаға - 100 млрд., метроның екінші кезеңіне - 227 млрд. теңге. Қиын кезеңде біздерге кейбірін күте тұру қажет. Одан кейін жалғастырамыз. Қысқы Универсиаданың бір бөлігін Астанада, екіншісін Алматыда өткізуге болады. Бұл имидждік жоба, оны соңына дейін атқару керек. Бірақ дәл осы шарада шығыс көп, қаржыны біздерге сол жақтан қарастыру қажет. Бұл уақытша.

Сондай-ақ, Алматы метросының 2-ші кезеңі құрылысын тоқтата тұру қажет.

БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН МЕРЕЙТОЙ ЖАСАУҒА БОЛА МА? 

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Бізде мерейтой жалпыға ортақ сүйікті іс болып отыр. Мерейтой қайда болса, бәрі сонда. Жиындарға қатысу, банкеттерде отыру, осылай жалғаса береді. Әлемнің қай жерінде біз сияқты мерейтой өткізеді? Ұлы даталарды атап өтіп, баспасөзде, телеарналарда, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда айту керек. Ал дүркіретіп той ұйымдастыру, айдалада мыңдаған қазақ үй тігу мерейтой иесіне не берерін айтыңдаршы маған? Мерейтойды туған-туысы, демеушілер өткізсін. Менің қарсылығым жоқ. Бірақ, тек мемлекеттің қаржысына емес.

ӘКІМДЕРДІҢ КОМАНДАЛЫҚ БАСҚАРУЫНА ТИЫМ БОЛА МА?

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы бизнеске айналмауы тиіс. Мемлекеттік қаржыны фирмаларға, өздерінің таныстарына, достарына және туысқандарына шашуларына жол бермеу керек. Өкінішке қарай, облыстың үш әкіміне қатысты дәл осы себеппен тергеу амалдары жүргізілді. Сонымен қатар бірқатар министерліктер мен ведомстволардың басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Егер әкімдер команда жинап алса, ол кейін Атырау облысындағы секілді бандыға айналады.

БІЛІМ САЛАСЫН ТАҒЫ ҚАНДАЙ РЕФОРМА КҮТІП ТҰР?

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Білім беру саласында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды, орта білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыруға көшуді, 12 жылдық мектепте білім беру моделіне кезең-кезеңімен көшуді жалғастыру қажет. Мемлекеттік балабақшаларды жекешелендірмеу қажет. Тіпті, АҚШ президенті мектепке дейінгі білім беру мемлекеттің басты басымдығы екендігін айтты. Бізде осы жолдан таймауымыз қажет. Ал біз болсақ, оны жекенің қолына бермекпіз...

РЕСЕЙ РУБЛІНІҢ ӘЛСІРЕУІ БІЗГЕ ӘСЕР ЕТЕ МЕ?

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Ресей рублінің әлсіреуі тұрғысында және Қазақстанның ішкі нарығында тауарлардың артуы бағытында біздің отандық өндірушілерге залалын тигізуде. Алайда, бұның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысы жоқ. Бұл - біздің стратегиялық бағыт. Құрған кезде өмірдің ағымы өзінің түзетулерін енгізетіндігін айтқан болатынбыз. Әлемдік капиталистік экономика өзінің түзетулерін енгізуде. Қазіргі кезде осы жағдай орын алды, бірақ та бұған Еуразиялық экономикалық одақты, Кеден одағын кінәлау - ол толық дилетанттық.

ТҮЙІН

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Біздің ел алдымызда тұрған барлық қиындықтарды табысты еңсеретініне сенімдімін!

 

Абай.kz

(Мақалаға Ақорда және Қазақпарат сайттарының материалдары пайдаланылды)

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1041
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 920
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 685
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 771