Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2879 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 07:50

Парламент 2010 жылғы республикалық бюджетке түзетулерді қабылдады

Астана. 30 қырқүйек. ҚазТАГ – Елена Преображенская. Сенат бейсенбі күні пленарлық отырысында «ҚР «2010-2012 жылдарға республикалық бюджет туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

2010-2014 жылдарға макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын өзгерту 2010 жылғы республикалық бюджеттің өлшемдерін нақтылауға негіз болды.

2010 жылғы бюджеттің түзетілген өлшемдері келесідей: түсімдер - Т3517,8 млрд қазіргі бюджетке өсімі - Т139,4 млрд, шығыстары – Т4 321,4 млрд, сәйкес өсіммен және дефицит – Т803,6 млрд.

Алматыдағы метрополитеннің құрылысына 2010 жылдың бюджетінде Т10,5 млрд, Астананы дамытуға Т13,1 млрд қарастырылған, соның ішінде сумен қамтуға және суды ағызуға (жапониялық займ) Т5,7 млрд, кардиохирургиялық орталықтың құрылысына Т2,8 млрд, жолдарды қайта жөндеуге және жөндеуге Т4,2 млрд бөлінеді.

Бұдан басқа, VII қысқы Азия ойындарын өткізуге Астанаға Т8,5 млрд, Алматыға Т8,4 млрд бөлінеді.

Азиада-2011 нысандарының құрылысын аяқтауға және оған дайындалуға Т31,6 млрд жоспарланған, оған конькимен жүгіру стадионының құрылысын аяқтауға Т7,7 млрд, шаңғы трамплиндері кешенін аяқтауға Т1,3 млрд, Балуан Шолақ ат. спорт сарайын қайта жөндеуге Т6,5 млрд, теле және радиотаратуды қамтамасыз етуге Т4,7 млрд бағытталған.

Алушылардың көбеюіне байланысты зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге Т8,8 млрд қарастырылған.

Үлескерлердің мәселелерін шешуге Т17,7 млрд жоспарланған.  Астанада «Гранд-Астана» ТК аяқтауға Т7 млрд, Алматы облысында «Премьер»  ТК салып бітіруге Т5,7 млрд, Қосшы ауылының инженерлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруға Т1,9 млрд, Алматыда үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан аудандардың магистральды желілерін тартуға Т3,1 млрд бөлінеді.

ҚИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде серпінді инфрақұрылымдық жобаларға Т77 млрд жоспарланып отыр. Бұл - «Бейнеу-Бозой-Ақбұлаұ» магистральды газ құбырының құрылысы - Т37,5 млрд, «Қорғас - Жетіген» теміржол желісінің құрылысы - Т10,1 млрд, «Өзен – Түркменстанмен шекара» - Т7,4 млрд,  Балқаш ЖЭС - Т3,2 млрд.

Сонымен қатар, «Шар-Өскемен» т/ж желісінің құрылысына Т3,6 млрд бюджеттік несие беру қарастырылған.

Денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруға  Т4,8 млрд бөлінеді.

Отандық тауар өндірушілерді қолдауға шығындарды өтеуге Т10,7 млрд, қазақстандық астықты халықаралық нарықтарға шығаруға Т7,8 млрд қарастырылып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 573
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 302
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 317
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 328