Сәрсенбі, 28 Шілде 2021
Жаңалықтар 4194 0 пікір 26 Ақпан, 2015 сағат 20:17

ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ!

«ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу бүгін басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті» - деп хабарлайды inform.kz.

«Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау құжаттарының үлгілері мен сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараның күнтізбелік жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес президенттікке кандидаттарды ұсыну 26 ақпанда басталып, 15 наурызда аяқталады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов .

Комиссия төрағасының айтуынша, президенттікке кандидаттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы тіркейді. «Кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың үгіт науқаны басталады. Ол 26 наурызда басталып, 24 сәуірге дейін жүргізіледі», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Абай-ақпарат.

0 пікір