Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2913 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 06:04

Кеме кімдікі? Қызойнақта жүрген кім?

Түркия десе, көз алдыма түрік діни пансиондары, түрік лицейлері, түрік компаниялары, гүленшілер және дөнеркебаб келе қалады. Дөнерден дөрекі қылық көрмедім. Басқасының түрік-қазақ қатынасындағы қылығы құлаққа күнде жетіп жатады. Сөйткен Түркиядан тағы бір жаңалық шықты. Бұл жаңалықтың белортасында «Мен Қазақстан прьемер-министрінің көмекшісімін» деп біреу жүр.

Түрік полициясы Жерорта теңізінің жағасындағы Гечек қаласының маңынан «Саварона» кемесіндегі жезөкешелер үйін анықтаған. Сөйтіп, Ресей мен Украинадан келген кәмлеттік жасқа толмаған қыздарды тұтқындаған. Тұтқындалған он төрт адамның ішіндегі Тевфик Ариф деген біреу өзін «Қазақстан прьемер-министрінің көмекшісімін» деп таныстырған. Ақпараттарға қарағанда, бұл сабазың кеменің иесі және қазақ бизнесмені-мыс.
Енді қайттік?! Тевфик Арифтің аузына Қазақстан прьемер-министрінің көмекшісімін деген сөзді қай сайтан салды. Сандырақ дейін десең оған келмейді. Әлгінің жайдан жай бір елдің лауазымды ұлығының атқосшысы едім дей салмайтыны анық.

Үкіметтің баспасөз қызметі Мәсімовтың (суретте) көмекшілерінің бәрі елде, өз қызметтерінде екенін айтады. Түркияда «Саварона» кемесінде жүрген көмекші жоқ дейді. Сыртқы істер министрлігі де Түркия жағы ұсталғандардың ішінде біздің елдің азаматтары бар екені туралы хабар бермегенін мәлім етіпті.
Ал, «Саварона» деген жай кеме емес, әйгілі Мұстафа Кемал Ататүріктің кемес екен. Шетелдердің бірінде 1931 жылы жасалған бұл кемені 1938 жылы Түркия сатып алған. Кемеде Ататүрік жұмыс істеген. Ататүрік өмірден озғаннан кейін кеме теңіз әкімшілігіне берілген. Кемені 1989 жылы  Қахраман Садықоғлы деген адам 49 жылға жалға алыпты. Ал, Қахраман Садықоғлы болса, кемені әлдебір қазақ бизнесменіне үстемелеп жалға беріп жібергенін айтып отыр.

Қалай болғанда да, мұнда бір гәп бар.. Және мынандай сұрақ бар: апыр-ау, сонда кеме кімдікі болды? Қызойнақты қыздырып жүрген кім болды? Бұл сұрақтардың жауабы бәрімізді жалықтырмай-ақ жақында мәлім болып қалар.

Нұра Матай, «Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1670
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1615
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1286