Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3962 0 пікір 23 Наурыз, 2015 сағат 03:06

СИНГАПУРДІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ ДҮНИЕ САЛДЫ

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сингапур Республикасының Премьер-Министрі Ли Сянь Лунге осы елдің тұңғыш Премьер-Министрі Ли Куан Юдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады» , - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Сингапур мемлекетінің негізін қалаған жаһандық ауқымдағы көрнекті саяси қайраткер Ли Куан Юдың қайтыс болғаны туралы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған.

«Біз жиі кездесіп тұрдық. Мен оны жақын дос санадым, одан көп тәжірибе алдым. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Сингапур халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Сингапурдың әлемдік беделін нығайтып, оның Азиядағы жетекші ел ретінде қалыптасуы үшін Ли Куан Юдың орасан күш-жігер жұмсағанын және сол арқылы артына өшпес мұра қалдырғанын атап өткен.

«Қазақстан халқы Ли Куан Юдың біздің елдеріміздің арасындағы берік достық қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесін ешқашан ұмытпайды», – делінген жеделхатта.

 

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 561
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 290
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 313
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 324