Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4247 0 пікір 25 Наурыз, 2015 сағат 16:55

ЕЛБАСЫ ИСПАН ХАЛҚЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипеге Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Жеделхатта ұшақ апаты салдарынан Испания азаматтарының қаза болғандығы туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың терең күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Елбасы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Испания Короліне, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Испан халқына көңіл айтты.

Абай-ақпарат.

0 пікір