Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Қоғам 9312 0 пікір 14 Сәуір, 2015 сағат 18:15

МЕРИТОКРАТИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

Өткен аптада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау басқармасының мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптардың күшеюі жөнінде, әсіресе, шетелдік магистратура деңгейін талап ету мәлімдемесі - бүгінгі мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралардың бірі болып табылады.

Алайда, Бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе қазақтілді медиа-ресурстарда бұл талап дұрыс түсіндіріліп, әрі дұрыс деңгейде бағаланбады. Негізінен, қазақтілді баспасөздің пікірінше шетелдік білім идеясына қатысты бір жақты баға беру мен асыра сілтеу байқалды.

Мемлекеттік қызметте шетелдік магистратура талабының енгізілуін енді бұдан былай барлық мемлекеттік қызметке тек шетелдік білімі барлар ғана алынады екен деп түсінудің қажеті жоқ. Бұл ең алдымен технология, инновация, инвестиция, бизнес-жобалар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың кейбір құрылымдарына қатысты талап.

Жалпы, мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптардың күшейтілуі наурыз айында Елбасы атап өткен бес институционалдық реформалардың бірі - қазіргі заманғы, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру идеясымен тікелей байланысты.

Бұл талаптың енгізілуі мынадай жағымды үрдістерге әкеледі:

біріншіден, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады;

екіншіден, қоғамда меритократия, яғни, неғұрлым қабілетті үміткерлерді іріктеп, әлеуметтік шығу тегіне және қаржылық ауқаттылығына қарамастан басқарушы орындарда ең қабілетті адамдардың иеленуін қамтамасыз етеді;

үшіншіден, жеке тұлғалық жетістіктері арқылы мемлекеттік қызметке келген кәсіби даярлығы жоғары мамандар жұмысқа тұрып, істей алады. Ал, мұның нәтижесі мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға  ұласады.

Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА, саясаттанушы.


Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1788
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1775
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1494
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1395