Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4100 0 пікір 14 Сәуір, 2015 сағат 23:41

«ҚАЗАҚИЯ 2015» БЛОГ БАЙҚАУЫНЫҢ 4-КҮНІ АЯҚТАЛДЫ

«Қазақия 2015» блог-сапар байқауына қатысушы блогерлер өз сапарларын Шығыс Қазақстан өңіріндегі Аягөз қаласында жалғастыруда.

Осыған дейін Алматы, Сарыөзек, Үштөбе елді-мекендерін басып өткен жоба қатысушылары қазірдің өзінде потенциалды 100 000 аудиторияны қамти отырып, әлеуметтік желіні 100-ге тарта қызықты, танымдық контентпен толықтырды. «Қазақия 2015» қатысушылары әр өңірдік өзіне тән ерекшеліктерін фото, бейнематериалдан бастап, репортаж, инфографика, «бір суретпен», «бір сөйлеммен» формаларында жарыса жазуда.

11 сәуір күні Алматы қаласынан бастау алған сапарда бұл қаладан «Екеуге арналған трамвай» «Атақты 25 автобус», «Алматы ботаникалық бағы», «Алматы метросындағы бір күн», «Есентай Mall, Достық Plaza, Mega Park-3. Бір-бірінен несі артық, несі кем?» және тағы басқа тақырыптарда жазбалар жазылды. Ал 12 сәуір күні Сарыөзектегі ең жас «Батыр ана» 31 жасында 9 баланың анасы атанған Назгүл Әліппиева туралы Мейірман Сауранбектің жазбасы, Аманбек Мағзұмханның «Казактарды басқарған қазақ», «Бұл Сарыөзек – қай Сарыөзек?» жазбалары, Нұрбек Бекбаудың «Сарыөзек империяның тісін сындырған жер» атты жазбалары әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын туғызды.

Блогерлер тобының Үштөбедегі «жорығы» қазақ интернетін, оның ішінде әлеуметтік желілерді Ақбота Мұсабекқызы, Бижан Сәдібековтің Үштөбедегі балалар үйінен жасалған репортаждарымен, Нұрлыхан Қалмаханұлының қалың шоғырланған корей диаспорасы, сондай-ақ Эльвира Ерғалинаның елді-мекеннің өндіріс орындары туралы жазбаларымен, сонымен қатар, Алматы облысындағы жалғыз Кеңес Одағының батыры, ауыр атлеттер мектебі тәрізді материалдарымен толықтырды.

Блогерлер Аягөз өлкесінен әлеуметтік желілерде Ақтамберді сауытына қатысты, Аягөз бренді – ши бауырсақтың жасалу технологиясына, 70 жасар такси жүргізуші әже кейіпкер, 40 жыл «Жедел жәрдем» көлігін жүргізген Гүлімхан Садықова туралы және басқа да тақырыптар бойынша жазбалар қалдырды. 

Байқау аясында жазылған жазбаларды жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан, сондай-ақ, qazaqia2015.kz ресми сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 12 күнде 12 нүктені басып өтетін сапарға шыққан блогерлер тобындағы ең үздік үштік – жоба демеушісі «Алтел» компаниясы ұсынған миллион теңгелік жүлде қорынан өз үлесін ала алады.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1788
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1777
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1495
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1395