Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 7641 1 пікір 15 Сәуір, 2015 сағат 13:13

«АБАЙ МҰРАСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасының Ұлттық  музейінде (Астана қаласы) 2015 жылғы 16 сәуірде сағат 10.30-да хәкім Абайдың (Ибраһим Құнанбаев) туғанына 170 жыл толуына арналған «Абай мұрасы» атты ғылыми конференция өтеді. Шараға белгілі абайтанушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері және Астана қаласындағы білім мекемелерінің ұстаздары мен оқушылары қатысады.

Таяуда ғана «НұрОтан» партиясының кезекті съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абайдың үшінші қара сөзінен үзінді келтірсе, Семейге жасаған сапарында Мемлекет басшысы Абай мұражайына арнайы барып, ұлы ақынның өлеңін оқып, «Абайдың жолын, артында қалған өшпес мұрасын халқымызға паш етуіміз керек» деп, жиылған жұртқа ерекше ой салғаны белгілі.  

Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай Ұлттық музейдің ұйытқы болуымен өтетін конференцияда Ғарифолла Есім, Тұрсын Жұртбай, Мекемтас Мырзахметов, Сұлтан Оразалин, Серік Негимов, Жанқара Дәдебаев, Асан Омар, Асқар Нартов, Бауыржан Ерденбеков сынды белгілі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері ақын мұрасы жайлы арнайы баяндама жасайды.

Сондай-ақ, Абайдың алғашқы шыққан еңбектері, шет тілдерге аударылған туындылары мен ақын жайлы арнайы дайындалған аудио-бейне роликтер және Ұлттық музей қорындағы Абай портреттерінен шағын көрме ұсынылады.  

Конференция барысында Абай әндері орындалады және Абай оқуларының жеңімпаздары ақын өлеңдерінен, қара сөздерінен  үзінділер оқиды.

Абай-ақпарат 

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1846
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1875
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1577
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1449