Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6481 0 пікір 20 Сәуір, 2015 сағат 19:49

«СЕНІҢ ДАУЫСЫҢ – СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢ»

20 сәуір  күні сағат «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешенінде, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің филиалында «Қазконтент» АҚ және қазылар мүшелерінің, конкурсты ұйымдастырушылардың қатысуымен «СЕНІҢ ДАУЫСЫҢ – СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢ» атты постерлердің республикалық конкурсының өту барысы туралы баспасөз мәслихаты өтті.

«Сенің дауысың – сенің болашағың» постерлер конкурсы 17 наурызда бастау алған болатын. Авторлардың көпшілігі – 18 бен 20 жас аралығындағы жастар өкілі. Конкурстың ең жас қатысушысы Шұғыла Махамбет 14 жаста. Ол Астана қаласында тұрады және Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы мектептің 5 сыныбында оқиды.

Конкурстық жұмыстар кішкене кенттерден бастап үлкен қалаларға дейінгі Қазақстанның барлық өңірлерінен жолданды. Постерлердің көпшілігі Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарынан келіп түсті – олардың саны барлық жұмыстардың жартысынан астамын құрады.

Конкурстық жұмыстарды қабылдау 15 сәуірде аяқталды, одан кейін қазылар ең үздік жұмыстарды таңдады және 20 сәуірде жеңімпаздарды марапаттау өтті.

Конкурс «Sailau2015.el.kz» арнайы тұғырнамасы аясында, «El.kz» әлеуметтік желісі базасында жүргізілді. «El.kz» жобасы ең талантты және қызықты жас адамдарды біріктіреді.

Қазіргі уақытта «El.kz» арқасында  қазақстандықтар, ана тілі, халықтың мәдениеті мен дәстүрлері туралы бірегей материалдар жасалып, санының артуы жалғасып отырған   порталда әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардың 190 мыңдай пайдаланушы–авторластары тіркелді.  Порталдың әлеуетінде - креативті идеялар, блогтар, шолулар, аналитикалық материалдар, фоторепортаждар мен бейнелер  күн сайын шығуда.

Ақпараттық анықтама:

Бас жүлдені (халықтық дауыс беру) - Алматы қаласының тұрғыны Еркебұлан Өмірханұлы Қазыкенов жеңіп алды.

Қазылар таңдауы номинациясы бойынша:

Бірінші орын - Айнұр Бахытбекқызы Бокина. Астана қаласынан

Екінші орын - Виктория Вадимовна Резунова. Павлодар қаласынан.

Үшінші орын -  Сағидолла Халекесұлы Ахтанов. Алматы қаласынан.

"КАЗКА" Қазақстандық қауымдастық номинациясы бойынша :

Бірінші орын - Бекзат Әбілдаұлы Махамбет. Астана қаласынан.

Екінші орын - Миржан Мұхамбетұлы Мұхамбетов  Орал қаласынан

Үшінші орын – суретші Рената Евсеева, Талдықорған қаласынан.

 

Абай-ақпарат

0 пікір