Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5100 0 пікір 26 Сәуір, 2015 сағат 20:42

ДАУЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ БҮГІНГІДЕЙ КӨПТІГІ БҰРЫНҒЫ САЙЛАУЛАРДА БОЛМАҒАН ОҚИҒА

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

- Бүгінгі сайлауда дауыс беруде электорат ерекше белсенділік танытты. Дауыс берушілердің бүгінгідей көптігі бұрынғы сайлауларда болмаған оқиға. Бұл сайлау сонысымен де ерекшеленді.

Алуа Жолдыбалина, саясаттанушы:

- Бұл Президенттік сайлауда азаматтар таңдау құқығын терең сезінгенін көрсетті. Сайлау тарихында осы саяси науқан дауыс берушілердің көптігімен қалады. 

Жарқын Түсіпбекұлы, саясаттанушы:

- Бұл саяси науқан бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда тиянақты ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Сайлау учаскелеріне халықтың көптігінен қоғамның саяси мәдениеті жоғарылағанын бағамдауға болады.

Қанат Әуесбай, журналист:

 - Біздің қоғамда дауыс беруге қатысқан жас та, жасамыс та жаппай сайлауға баруды азаматтық парыз санайды екен. Ел халқы ерекше ұйымшылдық танытты. Сондықтан, дауыс берушілер санының рекордтық көрсеткішке ие болғанын бас айта кеткен жөн.

Абай-ақпарат. 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1691
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1645
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1377
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1309