Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 9633 3 пікір 2 Мамыр, 2015 сағат 15:01

ДОСХАН ЖОЛЖАҚСЫНОВТЫҢ "ҚҰНАНБАЙ" ФИЛЬМІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Таяуда Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, өнер ардагері, ұлттық театр және кино актері, режиссер, продюсер Досхан Жолжақсынов жұрт назарына ұлы Абайдың әкесі, қайраткер тұлға Құнанбай Өскенбайұлы туралы толықметржады көркем фильмін ұсынады. Кезінде елді елең еткізген "Біржан сал" фильмі кәсіби мамандар, киногерлер тарапынан аса жоғары баға алған болатын. 12 мамырда Қарауылда, 13 мамырда Семейде, 16 мамырда Астанада, 24 мамырда Алматыда тұсауы кесілетін бұл кинотуынды да кино әлеміндегі үлкен жаңалық болады деп ойлаймыз. Досхан ағамыз рөл сомдаса да, кино түсірсе де дүниеге, алдына қойған мақсат-мұратына тек қазақтың ұлттық мүдде тұрғысынан қарайды. "Құнанбай" фильмі мамырдың 25-нен кейін еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды. Сценарийін жазғандар: Досхан ағамыз бен қазақтың аяулы перзенті, асыл досымыз, қазақ руханиятының таңғажайып құбылысы - Таласбек Әсемқұлов мырза.

Абай-ақпарат

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2436
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2019
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586