Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Өз сөзі 10498 0 пікір 6 Мамыр, 2015 сағат 12:10

ЕЛІМІЗДЕ ЕРКЕКТЕР ЕКІНШІ СОРТҚА АЙНАЛДЫ

Өткен жылы Қырғыз елінде қырғыз депутаты Айнұр Алтыбаева бастаған, заңгерсымақ Тұрсынбек Ақұн қоштаған бір топ қырғыз отбасына ойран салды. Қырғызстан билігі қыз алып қашатын жігіттерді қойдай көгендеп түрмеге тығу үшін жанын салып жатты. Осыны ести сала Қазақстан Мәжілісінің әйел  депутаттары, президент жанындағы гендерлік комиссиямен бірігіп «қыз алып қашатын» қазақ жігіттерін «адам ұрлайтын» қылмыскер ретінде желкесін қию үшін білектерін сыбана кірісіп заңды қабылдап тынды. Сөйтіп ата «жауларын» жайратып салғандай талтаң-талтаң етіп Мәжіліс залынан шығып бара жатты. Ал қоғамда миллиондаған қыздар бақытынан айрылып мәңгілік жалғыздық қасіретін құшақтап қала берді...

Астанада не ұлтқа, не мемлекетке берері жоқ, далбаса бас қосулар екі күннің бірінде болады. Бірде кезекті халықаралық жиналыстың ашылуын күтіп журналистер арнайы бөлмеде теледидар қарап отырғанбыз. Кенет «Хабар» телеарнасында «қыз алып қашу» жөнінде пікірталас болып жатыр екен. Қарап отырмыз. Бағдарламаға қатысып отырған бір қыз Алматы облысынан екен, сол қыздың ауылында бір жігіт, танымайтын қызды алып қашыпты. Әлгі қыз, сол жігітті жамандап «надандық», «ақымақтық»,  «оларды соттайтын, жазалайтын заң шығару керек», – деп жер тепкілеп отырып алды. Сонда арамызда отырған қу тілді тілші жігіт: «Қызға сөз айта алмайтын байғұс жігіттер қатынсыз қалатын болды-ау» -деп гүрс еткізді. Соны тыңдап отырған ішіміздегі қаптаған тілші, кәрі қыздардың бірі: «Отырмыз ғой басымызға бақ қонбай. Бізді алып қашатын да жігіт жоқ,  – деп бәрімізге қарады да, - сол «алып қашатын» жігіттер Астанаға келсе ғой біз осылай отырып қалмас ек. Енді әр күніміз мені кім алып қашады екен деп әр жігітке бір жалтақтаумен жастық  дәурен өтіп барады. Енді бізді кім алып қашады? «Қыз алып қашуды» жамандап отырған мына ақымақ қызды Астанаға алып келу керек, өмір бойы байсыз өтсін», – деді зілмен. Бәріміз не   не дерімізді білмей қалдық.

Иә, Астана қалалық АҚАЖ бөлімінің ақпараты сүйенсек,  Астанада қызды алып қашпай-ақ отау құрған үш отбасының біреуі ажырасып тынады екен. Бірін-бірі «сүйіп-күйіп» қосылғандар, алып қашатындарға қарағанда он есе  көп ажырасатын көрінеді.

 Қазір алып қашу дәстүрі жылдан  жылға жойылып келеді. «Қыз алып қашу» деген дәстүрдің солтүстік өңірде жоғалғанына ширек ғасыр болды. Астананың жанындағы біздің ауылда соңғы отыз жылда біреу «қыз алып қашыпты» дегенді естісем құлағым керең болсын. Соның кесірінен Астанаға жақын орналасқан менің ауылымда отыздан асқан он екі сұр бойдақ сүрленіп,  отыздан асқан он тоғыз қыз отыр омалып. Үйленбеген жігітіміздің алды елу екі жас, жалпиып отырған қызымыздың алды елу бес жаста. Бұрын қашып келген қыз да, алып қашқан ұл да отбасын құрып балалы-шағалы болып жататын еді. Атам қазақ айтады ғой: «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деп.  Қазіргі таңда екі мыңнан аса халқы бар ауылда отыз бір ұл мен қыздың отбасы мола болады деген сөз. Ұлы жүр қызды икемдей алмай, қызы жүр не істерін білмей әр еркекке бір мөлиіп қарап.

Гендерлік саясатпен айналысып жүрген биліктегі әйелдер экономикаға, білім-ғылымға, ұлттық, мемлекеттік мүдделерге ақылдары жетпеген соң жамандайтыны, аңдығандары еркектер. Оңтүстік өңірлерде бірен-саран қыз алып қашатын жігіттердің шаңырағын құлату үшін сылтау таппай жатыр еді, бұл бір «орайы» келген іс болды. Көп ұзатпай-ақ заңды қабылдады да тастады. Мәжілістегі әйелдердің Ұлттың мүддесін, тілін, дінін, салт-дәстүрін шырылдап қорғап, жаманатты болғанын көрген де естіген де жоқпыз. Керісінше, қазіргі билікпен бірігіп ХVIII-ғасырдағы «ата жауымыз» жоңғарлар қазақ еркектерінің «бейнесінде» қайта өмірге тіріліп келгендей Сот, прокуратура, полиция, қаржы, салық полициясы, үкіметтік емес әйелдер ұйымдары «баласына алимент төлемей қашып жүргендерді» соңына ит қосып айтақтап шауып жүр. Сөйтіп қазақ еркектеріне  «алимент төлету» жоңғар шапқыншылығынан бетер болып тұр. Телешоу, көркем фильм, телесериал, газет-журнал, тек еркектерді жексұрын етіп көрсетеді.Қоғам қалай жамандаса, мектеп оқушысына дейін солай жамандайтын ауру шықты. Бірақ, сол «жаман еркектердің»  арқасында Қазақстанда мамыражай өмір сүріп отырғандарына ешкімнің санасы жетер емес. Туғанынан «еркектер жаман, алдап жүкті қылып, баласына алимент төлемей қашып жүреді» деп тұтас қоғам болып шуласа, кішкентайынан мұндай сорақылықты ойына түйіп өскен қыздар күйеуге қалай тиеді, қалай бала сүйеді? Өйткені «оңбаған» еркектер ертең алдап кетеді.

Қазір Еуропа, Америка мемлекеттерінде байсыз бала тапқан әйелдер елу екі пайызға жетіпті. Олар да мемлекет балаларға жәрдем ақыны жақсы төлегендіктен Еуропа әйелдері қай еркектен туғанын да білмейді, керек те қылмайды. Біздің де «современный» әйелсымақтар соларға еліктеп, жартысы; «өзім үшін туып алдым» десе, жартысы ел-жұрттан ұялған боп, қай еркектен туып алғанын өздері де білмегендіктен, қай еркек есіне түссе соның аты-жөнін сот орнына жазып береді. Біздің прокуратура мен сот қоғамды жайлаған парақорлық пен жемқорлыққа қарсы күресу емес, жұмыссыз қаңғып жүрген еркектерге «ит айтақтаудың» шеберіне айналды.  Ал, «аляқ еркекке алдандым» деп айту – ақымақ, топас әйелдің ойдан шығарғаны. Ешбір еркек, қыз өз еркімен  етегін көтермесе, ешкім оны зорлап туғыза алмайды. Зорлағаны үшін заң қатал. Ақ босағадан аттап, ақ шымылдыққа кіріп, ақ некесін қидырмай неге жаңғындай әрекетке баратындарына таңым бар. Сондықтан Алланың қаһарына ұшырайды да, сосын еркекті кінәлайды. Мәжілістегі әйелдер қаламымен заңды, өзіне ие болмаған әйелдер ауызымен еркектердің атын былғап жатыр. Шамамен 2050 жылдары тұрмысқа шықпаған, байсыз бала тапқан, ажырасқан әйелдер бұл қарқынмен 50 пайызға көзді жұмып жетеді. Алла, ондай азғындықты көрсете көрме.

Енді оңтүстік өңірлердің ұл-қызы да бақытсыз ғұмыр кешетін болады. Өйткені, осы уақытқа дейін тұрмысқа шыққан жүз қыздың біреуі «еріксіз» зорлап алып кетті десе, енді сол «еріксіз алып қашқан» бір қыздың кесірінен «алып қашпағаны» үшін тоқсан тоғыз кәрі қыз бақытсыз өмірдің кебінін киеді. Момын жігіттер сүмпиіп жүреді де топырлаған, байсыраған қыздар қу жігіттердің «жемтігіне» айналады. Сосын ол қыздар да:  «Сеніп қалдым», «алдап кетті» деп тағы ойбайлайды. Не істерін білмей ерігіп отырған мәжілістегі әйелдер: «Оңбаған еркектер қыздарды алдап туғызып, әкелік парызын өтемей, алиментін төлемей қашып жүр, іздеп тауып аямай соттау керек» деп салақұлаш баяндамалар оқиды.

Бірде, бір танысым «қыздар бизнес» жасап жатыр деп мынандай әңгіме айтты. Ойы арам бір қыз «осының жағдайы бар-ау» деген бір жігітпен танысып, қылымсып, назданып, мүләйімсіп жігіттің жүрегін жаулап алады, жігіт сосын оны алып қашады. Қазақ салтында негізінен бір-бірін сүйседе алып қашатын дәстүр бар. Жігіт жақ кешірім ақша, мал жібереді. Шешесі мал мен ақшаны алып қалады да полициямен қызды қуып келеді. «Қызымды ұрлап кетті» деп «адам ұрлау» бабымен арыз жазып жігітті сотқа береді. Полицейлерде аранын ашып жігіт жағына «ақша бермесең соттаймыз» деп тап береді. Бұрын алаяқ әйелмен алдын ала келісіп қойған «іс» болуы да мүмкін. Жаны мұрынының ұшына келген жігіт   қыздың шешесі мен полицейдің  айтқан ақшасын ағайын-туыс болып тірнектеп жинап тауып береді. Бұл әйел осындай айлакерлікпен «қызын» үш рет қашырып, үш рет «бизнес жасаған». Жігіттің алып қашқаны полицейлерге де олжа. Жігіт үйлене алмай сорлап қалды. Қазір заң қабылдағалы оңтүстік полицейлері әр қызды «алып қашқан» сайын бір жырғап қалады.

Қазақстанда  гендерлік саясат қазақ халқына қасірет әкеліп отыр. Кеңес Одағы кезінде қыз алып қашу көп болатын. Алып қашып келген соң жігіт қызға «тимесе» де жазықсыздан-жазықсыз соттатып жіберетін жағдайлар кездесіп отырды. Ол кезде бір-бірін ұнатып сөз байласып алып қашатын. Қыздың ата-анасы жігітті ұнатпаса қайтадан алып кететін оқиға ілеуде бір кездесетін. Міндетті түрде жігіттің жеңгелері жабылып, жалынып   көндіретін. Бір қызығы қыз «көнбеймін, кетемін» деп жұлқынатын, өтірік жылап еңірейтін. Олай істемесе, қызға ұят келетін. Артынан қуып келгендер де «өз еркіммен келдім» деген тілдей қағаз жаздырып алып етін жеп, шайын ішіп «мыңжылдық құда болдық» деп тісін шұқып кете беретін. Солай істеу салт болатын. Осы оқиғаны орысша қалада оқыған, салт-дәстүрден мақұрым қалған мәңгүрт қазақ пен өзге ұлт өкілі көрсе, естісе, әрине, төбе шаштары тік тұрады. «Қыздың бостандығын аяққа басып зорлап қатын қылады» деп зәрелері ұшып «ортағасырлық» жабайы қазақтарды түрмеде шіріту керек»,  – деп өздерін зорлап алып қашқандай ойбайлап шыға келетін.

 

Оңтүстіктің жақсы бір салты жезөкше қыздар немесе басқа жігітпен «ойнап» қойған қыздар пәк болмаса, күйеуге тию оңайға соқпайды. Пәктігінен айырылған сайқал қыздар жігітке жала жауып: «Мені зорладың, полицияға шағымданамын, «алып-қашып қыз зорлады» деген бабпен түрмеде шірисің», – деп қорқытып өзіне үйлендіретін оқиға да кездесіп қалатын. Сотталмас үшін алған әйелін: «Қыз емес, әркімнен қалған салдақы қатын алдым» деген жігіттің жүрегінде қалған дақ, қайғысы ішін мүжіп, арты арақ ішіп қатын сабау, сосын ажырасу болатын. Сондықтан жеңіл жүрісті қыздар оңтүстікке келін болуға қорқады. Өйткені ол жақтың жігіттері  қыз адал, пәк, таза болса ғана үйленеді. Әйтпесе, бірінші түні-ақ «тексерістен» өтпей қалса, қуып жібереді. Орыс па, қытай ма, шүршіт пе  әркімнен қалған салдақы қатынды олар қалай, өмір бойы «сүйікті жарым» деп айта алады? Бұл асыл қасиетті бүкіл қазаққа үлгі етсек, ұлттық геніміз біраз тазарып қалатын еді.

 

Тоғайбай Нұрмұратұлы,

 ҚР Мәдениет министрлігі

Құрмет грамотасының иегері

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2017
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2010
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1585