Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5284 2 пікір 13 Мамыр, 2015 сағат 11:00

ҚТҚЖБ желісі бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020»

ҚТҚЖБ желісі бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасымен салынған әр пәтерге 30 адам үміткер болып отыр.

Еліміздің бес қаласында – Астана, Көкшетау, Петропавл, Қаскелең және Ақтөбе қалаларында ҚТҚЖБ желісі бойынша«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасымен салынғантұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылар пулы құрылып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, бұл бағдарлама кешенді Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.  Банктің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, мемлекет салған әлеуметтік тұрғын үйлерге үміткерлердің саны пайдалануға беріліп жатқан пәтерлер санынан 20 еседен 30 есеге дейін артық. Пулға қатысуға өтініш бергендердің саны жағынан Астана топ бастап тұр. Елордамызда пайдалануға беріліп жатқан 134 пәтерге 4 483 өтініш келіп түскен. Бұл – бір пәтерге 33 үміткерден келеді деген сөз.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдерінің айтуынша, 2014 жылы бір пәтерге 9 үміткерден келсе, 2015 жылы орта есеппен алғанда 20 адамнан 30 адамға дейін өсті. Банктегілер мұны ең алдымен үдерістердің автоматтандырылуымен байланыстырады. Енді пулға қатысу үшін, сағаттап кезек күтпестен, ҚТҚЖБ сайты арқылы өтініш беруге болады.   Банктің hcsbk.kz. сайтының Жеке кабинетінде баллды есептеудің дұрыстығын бақылауға болады.

-  Бұрын біздің банкте ашылған әрбір депозит үшін, оның толтырылып жатқан-жатпағанына қарамастан, клиентке 30 балл берілетін.  Былтыр есептеу тетіктері өзгерді, автоматтандырылды. Бүгінгі күні әлеуметтік шаршы метрлерге үміткерлердің арасында кім үш жылдың ішінде жинақтаудың ең аз мерзіміне жетсе, пәтер құнының 50%-ын жинақтаса, соның мүмкіндігі көп, – дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Банктік өнімдерді әзірлеу және енгізу департаментінің директоры Ольга Хлыстова, – Бұл – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бұрын шот ашып, неғұрлым тұрақты түрде ақша жинап тұрсаңыз, онда сіздің бағалау көрсеткішіңіз де соғұрлым жоғары болады деген сөз. Яғни, баллыңыз да көп болмақ.   Демек, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасымен пулға қатысуға мүмкіндігіңіз де арта түседі, – деп түйіндейді Ольга Хлыстова.

Мамандар ҚТҚЖБ желісімен әлеуметтік пәтерге деген мұншалықты зор сұранысты бағдарламаға қатысу тетігінің оңайлатылғанымен, сондай-ақ банк комиссиясының азайтылуымен байланыстырады. Атап айтқанда, тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға комиссия алынып тасталды. Оның үстіне, ҚТҚЖБ пәтерлерді бөлу барысы толық автоматтандырылған. Енді қалау кестесін толтыру жеткілікті. Төлем қабілетін растағаннан кейін, жинақталған баллдарға сәйкес, жүйе қатысушылар арасынан автоматты түрде пәтер бөледі.

-Үдерістерді автоматтандыру нәтижесінде, біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша тұрғын үйді бөлудің ашықтығына қол жеткіздік. Осылайша, «адам факторын» толықтай жойдық, – деп хабарлады «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарушы директоры Ерулан Жамаубаев, – Әрине, пәтерлерге деген мұндай зор сұраныс жағдайында, тілек білдірген адамдардың барлығы бірдей әлеуметтік тұрғын үй сатып ала алмайтыны түсінікті жайт. Алайда, Бағдарламаның 2020 жылға дейін жұмыс істейтінін ескерген жөн. Оның үстіне, банк екінші нарықтан тұрғын үй сатып алуды қаржыландырудың түрлі нұсқаларын ұсынып отыр. Бұл біздің клиенттерімізге ұтымды талаптармен жылжымайтын мүлікке ие болуға жәрдемдеседі, – дейді Жамаубаев.

Абай-ақпарат 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2010
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2429
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1996
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1581