Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4856 0 пікір 13 Мамыр, 2015 сағат 14:23

ҚМДБ: ПАЛУАНДАР КҮРЕСІ ӨТЕДІ

2015 жылдың маусым айында Алматы қаласында «Дін мен дәстүр» жылына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен жамағат, кәсіби және әуесқой спортшылар арасында дәстүрлі ІІ республикалық палуандар күресі өтеді деп хабарлайды www.muftyat.kz сайты.

Жүлдегерлер бағалы, ақшалай сыйлықтармен марапатталып, жеңімпаздарға алғыс хаттар беріледі.

Өткен жылы ұйымдастырылған қазақ күресінде бас жүлде иегері Бауыржан Тәліп Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолынан үлкен қажылыққа тегін жолдама алған болатын.

Дүбірлі додаға 18 жастан асқан палуандар қатыса алады.

Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Суға жүзуді, садақ атуды, атқа мінуді, күресуді, жүгіруді үйреніңдер, әрі өзгелерге оны үйретіңдер», – деген.

 

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2058
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2082
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1602