Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Қоғам 6265 0 пікір 25 Мамыр, 2015 сағат 19:24

КИІКТЕРДІҢ ҚЫРЫЛУЫНА ГЕПТИЛДІҢ ҚАТЫСЫ БАР МА?..

«Киіктер қырғынына себепші болуы мүмкін «Протон» зымыранын ұшыруды тоқтатуды және еліміздегі Ресей федерациясының  әскери-жаттығу полигондарын шұғыл жабуды талап етеміз» деп басталатын «Антигептилшілердің» ашық хаты Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевқа бағытталыпты.

Антигептилшілер Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында қырылған бөкендердің саны 85 000 нан асқанын алға тарта отырып,  Қостанай облысында ең көп киік қырылған (40 000нан аса) аумақтан ғарыш зымыраны бөлшектерінің табылғанын және ол туралы Қостанай облыстық прокуратурасының мамандарының хабарлағанын атап өтті.

«Киіктер қырғынына гептилдің қатысы болуы әбден мүмкін. Осы жылдың 16-мамыры күні Байқоңырдан ұшқан ресейдің Протон зымыраны жерден көтерілген соң 500 секунттан кейін апатқа ұшырады.

Ал ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ресми ақпараты бойынша 17-мамыр күні, яғни зымыран құлағанның ертесі  Бетпақдаладағы "Ырғыз-торғай" табиғи резерватында алғашқы 4 киіктің өлігі табылған» дейді қозғалыс мүшелері.

Сонымен бірге, қозғалыс мүшелері Қарағанды облысының тұрғындарының мәлімдеуі бойынша киіктердің жаппай қырылуына  Қарағанды облысы Балқаш көлінің батысы мен Бетпақдала аумағын қамтып жатқан Сарышаған әскери- жаттығу полигонында жасалған сынақтың себебі болуы мүмкін екенін мәлімдеген. 

«Осы жағдайларға қарап, 85 000 киіктің қырылуына «Протон» зымыранының құлауы немесе Ақтөбе облысында және Қарағанды облысындағы Бетпақдалада орналасқан Ресейдің әскери-жаттығу полигонының әсері болуы әбден мүмкін деп ойлаймыз.

Сол себепті, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон» зымыранын ұшыруды тез арада, үзілді-кесілді тоқтатуды және еліміздегі Ресей федерациясының  әскери-жаттығу полигонын шұғыл жабуды талап етеміз» дейді ашық хатта.   

«АНТИГЕПТИЛ» ҚОЗҒАЛЫСЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 425
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 227
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 256
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 243