Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3984 0 пікір 27 Мамыр, 2015 сағат 02:00

Президент: Назарбаев Университеті - Мәңгілік елдің маңдай алды білім беру ошағы

Назарбаев Университеті - Мәңгілік елдің маңдай алды білім беру ошағы. Бұл туралы бүгін Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне диплом тапсыру рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

ҚР Президенті Назарбаев Университетінің түлектері Қазақстанды болашақта түбегейлі жаңартуға, «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысатындығына сенім артты.

«Баршаңызды осынау тарихи сәтпен және университеттің алғашқы мерейтойы бес жылдығымен шын жүрегіммен құттықтаймын. Болашақта сан мыңдаған түлектер үшін сан ғасырлық мерекелері жасалатын болады. Себебі, Назарбаев Университеті - Мәңгілік елдің маңдай алды білім беру ошағы», - деді Елбасы.

Айта кетейік, 2010 жылы Қазақстан Президентінің бастамасымен құрылған бұл оқу орны отандық білім берудің үздік үлгісі болып табылады. Биыл университетті 446 студент тәмамдап отыр. Таратылған мәліметтерге қарағанда, жалпы оқу орны ашылғаннан бері жеті мектептегі студенттер саны 2 800-ге дейін жетті. Жыл сайын 500 адам оқу грантына ие болуда. Магистранттар мен докторанттар да мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар