Сенбі, 11 Мамыр 2024
Қоғам 5609 0 пікір 5 Маусым, 2015 сағат 12:04

БАСЫ “ЖАРЫЛҒАН” БЕЙІМБЕТ

Таран ауданы жазушы Бейімбет Майлиннің туған жері. Ауданға қарасты Красносельский ауылы бұрын Бейімбет Майлин атында болған екен. Осыған орай ауыл шетінде жазушының құрметіне бюст тұрғызылған. Ескерткіштің болғаны жақсы ғой. Бірақ, оның жайы тым мүшкіл. Бейімбеттің басы “жарылып”, жан-жағы қараусыз қалған.

Сынған шөлмектерге толы. Есімін де қазақша жазу бұйырмапты. Айдалада қалған бір бейбақ сияқты. Әттең, осы жерге бір ауық көңіл бөлініп, көшеттер мен гүлдер отырғызылса қандай жақсы болар еді. Лениннің ескерткішін әлі күнге көкке көтеретіндер Алаш ардықтыларын естен шығармаса дейсің. “Әттең...” демеске лажың жоқ.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

“Қостанай таңы” газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1923
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2056
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1714
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1522