Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3215 0 пікір 28 Қыркүйек, 2010 сағат 05:52

«Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысына екінші қылмыстық іс оның «көзін құрту үшін» қозғалып отыр, дейді оның жұбайы

Алматы. 27 қырқүйек. ҚазТАГ – «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің жұбайы Жәмилә Жәкішева күйеуіне қарсы еікнші қылмыстық іс оның «көзін құрту үшін» қозғалғанын жоққа шығармайды.

«Денсаулығына байланысты Мұхтардың өзіне берілген 14 жылға шыдауы екіталай. Алайда жоғары жақтағылар одан құтылғысы келіп, бұл мерзімге тағы қосып беру керек деп ойлайтын шығар...Енді Жәкішевтің көзін құрту үшін екінші іс «жапсырып жатыр»», - деді Ж. Жәкішева дүйсенбі күні «Азаттық» радиосындағы онлайн-конференция барысында оқырмандардың сұрақтарына жауап беру барысында.

Оның айтуынша, ҰҚК қазіргі уақытта «бұрын дәлелдей алмаған кен орындарын жымқыруға қатысты оқиғаларды тергеп жатыр.

«Бұл іс бойынша тергеу екінші жылға жалғасып отыр, мұның немен бітетіні және не үшін қажет екені түсініксіз», - деді Ж. Жәкішева.

Бұрын хабарланғандай, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК экс-президенті М. Жәкішевке және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты екінші қылмыстық істі тергеу аяқталып келеді. Ол «құпия» белгісімен тергеліп жатыр.

Оған 177б. 3б., «а,б,в»к.т., 176, б.3б., «а,б,г»к.т.бойынша айып тағылып отыр. Бірінші бап мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті тұлғаның қылмыстық топтың құрамында аса ірі көлемде алаяқтық жасауды қарастырады. Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеумен 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сондай-ақ, М. Жәкішевке Қылмыстық кодекстің 176бабы (біреудің сеніп тапсырған мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша айып тағылған.

12 наурызда Астананың №2 Сарыарқа аудандық соты М. Жәкішевті біреудің сеніп тапсырған мүлкін иемденгені (немесе талан-таражға салғаны) (ҚР ҚК 176 бабы) және пара алғаны (311 бап)  үшін айыпты деп танып, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен 14 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

0 пікір