Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3023 0 пікір 19 Маусым, 2015 сағат 11:55

АЗАМАТТЫҚТАН БАС ТАРТЫП, «АСТАНАДАН» ҚУЫЛДЫ

«Астана» әйелдер велокомандасы велоспорттан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, украиндық Анна Соловеймен Қазақстан азаматтығын қабылдаудан бас тартқаны үшін келісімшартты бұзды. Бұл туралы Украина велоспорты федерациясының ресми сайтында хабарланған. Nur.kz-тің жазуынша, «Астана» командасы да сейсенбі күні «спортшының кәсіби емес тәртібімен командаға және демеушілерге туындаттырған қиындықтары» үшін Соловеймен келісімшарт бұзылғанын хабарлаған.

«УВСФ Соловейді кәсіби емес тәртіп көрсетті деп айыптауына түбегейлі келіспейді және қазақстандық командадан ресми түрде кешірім сұрауын талап етеді. Александр Бошенко (УВСФ президенті) кей БАҚ-та жария болған Қазақстан велоспорты федерациясы және «Астана» 2016 жылғы Олимпиада ойындарына дейін Соловейдің азаматтығын ауыстыруға тырысты деген ақпаратты растайды. УВСФ Анна Соловеймен келісімшарттың бұзылуы мен оның Қазақстан атынан шығудан бас тартуының арасында айқын байланыс барына баса назар аудартады», — делінген хабарламада.

«Қазақстан велоспортының федерациясы және Александр Винокуров («Астана» менеджері) менен бірнеше рет Аннаның Қазақстан атынан шығуына рұқсат беруімді өтінген болатын. Бұл біз қабылдай қоятын ұсыныс болмады. Анна – украиндық велоспорттың нағыз беткеұстары, ол өте дарынды жан және алдағы Олимпиадада медальға сенімді үміткер», — деп мәлімдеген Башенко.

Абай-ақпарат

0 пікір