Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Өз сөзі 4057 0 пікір 19 Маусым, 2015 сағат 12:30

РЕСЕЙГЕ МЕЗГІЛІНЕН БҰРЫН САЙЛАУ ӨТКІЗУ КЕРЕК

«Ресейліктердің шынайы жалақысы 10%-ға, халықтың табысы 4-5%-ға құлдырады. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш тағы да ұлғаяды. Еңбек нарығының барлық саласында жағдай асқынып барады. Бұл дегеніңіз әлеуметтік тұрмысымыздың құлдырап кеткені». Итар-ТАСС таратқан ақпаратта Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Кудрин осылай деп мәлімдеген.

Алексей Кудрин өз сөзінде:

«Тағы бір жағымсыз факт, қазіргі жағдай 2008-2009 жылдардағы дағдарыста да болмап еді. Күзде жағдайымыз қазіргіден де ауырлай түсетіні байқалады. Экономикалық қыспақ пен дағдарыстың бірінші толқыны соғып өткен Ресейді екінші дауыл күтіп тұр. Ол кезде жағдайымыз мүлде сорақы болуы мүмкін», - дей келіп, көптеген өндіріс орындарында жұмысшылардың жарты жұмыс күніне көшкенін, бұлай жалғасса, Ресейдің әлемдік экономикада үлесі азайып, жиырма алпауыт елдің де қатарынан шығуы мүмкін екенін, Қазақстандағыдай Ресейде де мезгілінен бұрын сайлау өткізу керектігін айтқан. Сондай-ақ ол Батыспен арасы салқындаған Ресейді дауыл ортасында қалғандай деп сипаттады.

Abai.kz

0 пікір