Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3009 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 11:59

Өӊірлік өнім көлемі 40,8 млрд. теӊгеге жетті

Түлкібас ауданы әкімдігініӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, 2016 жылдыӊ бюджетініӊ кіріс бөлігініӊ жоспары 10,6 млрд. теӊгеге орындалған немесе 5 пайызға өскен. Оныӊ ішінде өзіндік кірістер 2,2 млрд. теӊгені құрап отыр. 

Жыл басынан бері ауданда 12 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 2,9 пайызға өскен. Оныӊ ішінде индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 1 млрд. 700 млн. тенгеге 4 жоба іске қосылып, 152 жаӊа жұмыс орны ашылған. 

Түлкібас ауданыныӊ 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қабылданған. Сол құжатқа сүйенсек, мұнда өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 2020 жылы 26 млрд. 900,0 млн. теӊгені құрап, бес жыл (2016-2020 ж.ж) аралығында 114 млрд. 500 млн. теӊгеніӊ тауарын өндіру жоспарланған. 

2017-2020 жылдар аралығында аудандық индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша құны 32,3 млрд. теӊгені құрайтын 6 жобаны іске қосу арқылы 1128 жаӊа жұмыс орны ашылмақ.

2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша Түлкібас ауданыныӊ әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері мынадай: 

Ауданда жалпы өнімніӊ көлемі 2016 жылдыӊ қорытындысымен - 26 054,9 млн. теӊгені құрап, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 102,6 пайызды құрады (2015 жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысымен - 25384,6 млн. теӊге). Оныӊ ішінде өнеркәсіп тауар өнімі - 10 578,0 млн. теӊгені (40,6%), ауыл шаруашылық өнімі - 15 476,9 млн. теӊгені (59,4%) құрады. 
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2465
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590