Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4919 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 15:02

Шегірткеден қорықпайды... сондықтан ендігі жылы да егін егеді

«Шегірткеден қорыққан егін екпейді» деген тәмсіл бар. Алайда, бұл тәмсіл оңтүстікқазақстандықтарды аса алаңдатапйтын болды. Өйткені Оңтүстік Қазақстан облысында биыл саяқ шегірткесіне қарсы жұмыстар 26,7 мың га жерге жүргізіліп, саяқ шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарына облыстық бюджеттен 48 млн теңге қаржы бөлініпті. «Бүгінде бұл шегіртке түрінен шаруаларға келер қауіп жоқ» дейді мамандар.

Бұл туралы Абай-ақпарат Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтің сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Басшының айтуынша, облыста шегірткелердің 122 түрі болса, соның 4 түріне қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Қалған түрінен алдағы жылы да шаруаларға келер қауіп жоқ. Саяқ шегірткелердің шығу орындарында мароккалық шегірткелердің аралас болуына байланысты өңдеу жұмыстары «Өсімдік қорғау» мекемесімен бірге жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына 22 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 26,7 мың га жер залалсыздандырылған.

Сондай-ақ,  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшыс  ОҚО аумақтық инспекциясы тарапынан 91,37 мың га жерге марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілгенін айта келіп, алдағы жылы да зиянкес жәндікке қарсы күрес пәрменді түрде жалғасын табады деп сендірді.

Абай-ақпарат  

 

0 пікір

Үздік материалдар