Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3012 0 пікір 23 Қыркүйек, 2010 сағат 07:43

Жәке кетті, Бәке келді

Порталымыздың тұрақты кейіпкерінің біріне айналған ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев қызметінен алынып, оның орнына осыған дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры қызметін атқарып келген Бақытжан Жұмағұлов тағайындалды.
Екі күннің бірінде «ортақ тарих кітабын жасау керек», «Ресейден маман алып келіп оқулық жаздырамын» деп шала бүлініп, мектептердің сабақ кестесіне «Самопознание» деген жаңа пәнді енгізуімен есте қалар Жансейіт мырзаның кеткеніне ренжи қойған қалың қазақты көрмедік. Жаңа басшыдан да керемет жаңалық күтіп отырған жоқпыз. Өзіне дейінгі "іскер"," ізденгіш" әріптесінен озып түспесе болды, әйтеуір.
Естеріңізге сала кетейік, 57 жастағы Б. Жұмағұлов 2008 жылдың сәуір айынан бастап әл-Фараби атындағы білім ордасын басқарып келді.
Оған дейін 2001-2005 жылдары ҚР білім және ғылым министрінің бірінші вице-министрі, ҚР президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР үкіметінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

2005 жылдың қырқүйегінен желтоқсан айына дейін Б. Жұмағұлов «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, ал 2007 жылдың қырқүйегінен 2008 жылдың ақпан айына дейін парламент мәжілісі төрағасының орынбасары болған. Білгіштердің айтуына сенсек, Бәкеңнің аяқ астынан Мәжілістен және партиядан «кетуіне» қазіргі Президент әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин себеп болыпты-мыс. "Тыныш отырған шенеунік жылы орнын табады" деген мәтел, міне, тағы да рас болып шықты...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1643
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1573
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1312
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1263