Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2796 0 пікір 23 Қыркүйек, 2010 сағат 07:26

Таразда бұрын сотты болған азамат 4 адамды атып өлтірді

Тараз. 23 қырқүйек. ҚазТАГ – Өткен сәрсенбіде Тараздағы тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде бұрын сотты болған азамат төрт кісіні тапаншадан атты, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Қаланың жедел әрекет етуші күштері қатігез қылмыс туралы 23 сағат 30 минутта қарудың дыбысын естіген жергілікті тұрғындардан білді, деп хабарлайды дереккөз.

Оқиға орнына келген облыстық ІІД, қалалық ІІБ мен полицияның аудандық бөлімшесінің оперативті-тергеу топтары төрт адамның денесін тапты.

Көмек көрсету үшін шақырылған дәрігерлер пәтердің иесі - 40 жастағы әйелдің және көрші шағын ауданда тұратын 18 жастағы жігіттің қаза болғанын анықтады. Үй иесінің 16 жастағы қызы және Тараз қаласының 18 жастағы тұрғыны ессіз күйде ауыр жарақаттармен жедел түрде жедел медициналық көмек ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді, дейді дереккөз.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, криминалист мамандар оқиға орнында калибрі 9 мм бірнеше гильза мен оқ тапқан. Тергеу қылмыскер адамның басына көздеп Макаров тапаншасынан атқан деп болжап отыр, дейді құқық қорғау органдарының өкілі.

ІІД бірнеше адамды өлтіру оқиғасын қуаттап, бейсенбі күні таңертең ауруханада үй иесінің қызы қаза болғанын хабарлады.

Ведомстводағылардың айтуынша, кісі өлтіруге және жарақаттауға бұрын сотты болған 31 жастағы жергілікті тұрғынның қатысы бар, ол іздеуге жарияланды. «Ол (күдікті – ҚазТАГ) үй иесінің қала дүкендерінің бірінде тауар сататын бөлімді жалға алып, кәсіпкерлік қызметпен айналысатынын біліп, оны тонау мақсатымен қарулы шабуыл ұйымдастырған», – дейді департаменттегілер.

Бір топ адамды өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 96 бабының 2 бөлімінде (аса қатыгездікпен жасалған екі немесе одан көп адамды өлтіру) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп атап өтті дереккөз.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1664
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1609
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1344
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1280