Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Мәйекті 3678 0 пікір 13 Қаңтар, 2017 сағат 13:18

ШАХАН: ЖАРЫЛЫСТАН КЕЙІН ЖАЛҒАСҚАН ӨМІР

Қаңтардың 1-і күні Шахан кентінде болған төтенше оқиға ел ішін дүр сілкіндірді. Кенттегі көп қабатты үйдің 4-ші подъезді тұрғындардың қолымен жасалған жылыту қазандығының жарылуына байланысты қирап, 9 адам көз жұмаған еді. Қазір шахандықтар (Қарағанды облысы) жамау-жасқаулы пәтерлеріне қайта қоныстанып жатыр. Бірақ, олар әлі үрей құшағында.

Ел іші «шахтерлар кенті» деп атайтын Шахан кентіннің 8 мың тұрғыны бар.

 

Жарылыстың салдарынан қираған 4-кіреберістің  бір бөлмелі және екі болмелі пәтерлері шетінен жөнделіп, пәтер иелеріне беріліп жатыр. Үш бөлмелі пәтерлер тегіс жөндеуден өтті деп бағалауда сарапшылар.

 

4-кіреберспен көрші тұратын 76 жастағы Досжан ақсақал да пәтеріне оралды. «Бірақ бұл үйде тұру енді қауіпті», - дейді қария.

 

Шахандағы оншақты үйге осындай қазандықпен жылу беріледі. Қазандықтар бірінші қабатта, қайсібірі жертөлелерде орналасқан. Шахандықтар 1997 жылға дейін жұмыс істеп тұрған жылу орталығы қайтадан қалпына келсе екен деп, Үкіметке өтініш білдіріп отыр.

Шахандағы көп қабатты үйлердің бірінде тұратын 80 жастағы Галина Осипова баспанасын қолдан жасалған  пешке от жағып қана жылытқан болады. Кент тұрғындарының бәрі осындай ошақтың аузында отыр.

 

Шахандықтардың көмір қорасы.

Көп қабатты үйде тұратындар көмірді балкондарға немесе жуынатын бөлмелерге артығымен әкеліп қояды.

Шахан кентінің айналасын күл-қоқыс басып қалған.

2017 жыл, 13 қаңтар

Abai.kz

0 пікір