Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Білгенге маржан 9370 0 пікір 13 Қаңтар, 2017 сағат 18:34

ҚАЗАҚСТАН КІТАП ҚОРЫ ЖӨНІНЕН ӘЛЕМДЕ 41-ОРЫНДА

Қазақстан кітап қоры жөнінен әлемде 41-орында екен. Еліміздегі әрбір мың тұрғынға 249 кітаптан келеді. Ал сол кітаптарды оқу жағынан статистикаға сүйенсек, соңғы он бес жылда17 миллион халқымыздың 17 пайызы ғана кітапқа қызығушылық танытқан. Қазіргі заманда адамдардың әдеби кітаптарды оқуға деген құлшынысы азая түссе де, кітап қашанда білімнің қайнар көзі болып табылады. Адамдардың рухын сақтап, жүрегі мен миын азықтандыратын  кітаптың пайдасы жайлы  8 фактіні назарларыңызға ұсынамыз.

1. Кітап оқу сөздік қорыңызды байытады. Кітаптың ішінен өзіңізге беймәлім сөзді байқасаңыз анықтамасын біліп, түртіп қойғаныңыз абзал.

2. Кітапты көп оқыған сайын өзгелерге еліктеу де азая түседі.

3. Тиыннан теңге құралғандай оқылған әр кітаптан білім жиналады.

4. Ми үшін кітап оқу денеге жасалған физикалық жаттығу секілді.

5. Кітап оқу процессі үлкен миды үздіксіз қозғалысқа салады соның арқасында кітап оқу- ұзақ өмір сүрудің кепілі екен.

6.  Кітап адамның ойлау жүйесін дамытып, қиял кеңістігіне жол ашады.

7. Жылдам уақытта ойды жүйеге келтіруді қалыптастырады

8. Кітапты көп оқитын адамдарға өзгелермен тіл табысу әлдеқайда жеңіл келеді екен.

Таң қалдырар деректер:

1. Наполеон минутына екі мың сөз оқыған.

 2. Бальзак романның 200 бетін жарты сағатта оқитын болған.

3. М.Горький минутына төрт мың сөз оқыған.

4. Н.А.Рубакин өмірінде 250 мың кітап оқыған.

Сайтқа әзірлеген Бибігүл Жандарбекқызы

Abai.kz

0 пікір