Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3872 0 пікір 19 Қаңтар, 2017 сағат 10:53

Жаманқұловқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Антикоррупциялық қызмет "Феникс" көркемфильмінің өндірісіне бөлінген 69 миллион теңге сомасындағы аса ірі бюджет қаражатын жымқырды деген күдік келген Тұңғышбай Жаманқұловқа, Гауһар Ысқақоваға, Наталья Юдинаға және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады", - деп хабарлады Ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары Олеся Кексель Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауапта.

Соталды тергеу барысында Жаманқұловтың 6 миллион теңге көлемінде шығынды ішінараөтегені айтылады. Айта кетейік, актер осыған дейін өз кінәсін толықтай мойындаған болатын.

"Қазіргі уақытта іс материалдары процесс қатысушыларына танысуға берілді, одан кейін қылмыстық іс айыптау актісімен Алматы прокуратурасы қарауға және күдіктілерді сотқа беру үшін жіберіледі", - деді Кексель.

Айта кетейік, қаражат жымқыру ісінде режиссер Талгад Жәнібековтің де аты аталады. Ол өткен жылдың желтоқсанында 2 айға қамауға алынған болатын.  

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1821
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1835
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1544
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1429