Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2541 0 пікір 21 Қыркүйек, 2010 сағат 07:16

«Мемлекеттiк тiлдi қолдау» акциясына қатысушылардың мәлiмдемесi

Қазақстан халқына,

Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаевқа,

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң төрағалары Қ.Тоқаев пен О.Мұхамеджановқа,

Қазақстан Республикасының премьер-министрi К.Мәсiмовке

 

Бiз республикамыздағы қоғамдық қозғалыстарды, демократиялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдарының, сондай-ақ зиялы қауым өкiлдерiнiң басын бiрiктiретiн «Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық демократиялық қозғалысының ұйым­дас­тыруымен өткен «Мемлекеттiк тiлдi қолдау» акциясына қатысушылар, көтерiлген өзектi мәселелердi таразылай келе, мына жайттарды мәлiм­деймiз.

Қазақстан халқына,

Қазақстан Республикасының президентi Н.Назарбаевқа,

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң төрағалары Қ.Тоқаев пен О.Мұхамеджановқа,

Қазақстан Республикасының премьер-министрi К.Мәсiмовке

 

Бiз республикамыздағы қоғамдық қозғалыстарды, демократиялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдарының, сондай-ақ зиялы қауым өкiлдерiнiң басын бiрiктiретiн «Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық демократиялық қозғалысының ұйым­дас­тыруымен өткен «Мемлекеттiк тiлдi қолдау» акциясына қатысушылар, көтерiлген өзектi мәселелердi таразылай келе, мына жайттарды мәлiм­деймiз.

Қазақ тiлi Қазақстан Республикасы тәуелсiздiкке қол жеткiзбей тұрған шақта, яғни, 1989 жылдың 22 қыр­күйегiнде Мемлекеттiк тiл мәртебесiн иелендi. Алайда өткен 21 жылда Мем­лекеттiк тiл Қазақстан халқын бiрiк­тiретiн, олардың басын қосатын негiзгi факторға толық айнала алмады. Қайта Мемлекеттiк тiл мәртебесi күн санап құлдырап, ал орыс тiлiнiң қолдану аясы бұрынғыдан да кеңейе түстi. Басқасын былай қойғанда, iс қағаздары түгелдей мемлекеттiк тiлге көшiрiлген министрлiктер мен құзырлы мекемелердiң өздерi соңғы кезде мемлекеттiк тiлде жолданған ресми хаттарға орыс тiлiндегi мәтiнiн де қоса жiберудi талап ете бастады. Сол сияқты Қазақстанның барлық кiтап дүкендерiнде, кейбiрiнде 100 пайыз, кейбiрiнде 90-95 пайыз тек Ресей баспаларының өнiмдерi орын теуiп, қазақ тiлiндегi кiтаптар шетке ысырылды. Осы үрдiс жалғаса беретiн болса, бiз таяу уақытта өз ақпараттық кеңiстi­гiмiзден мүлде ажырап қалатындығымыз күмәнсiз. Сол сияқты бiздiң наразылығымызға құлақ аспай қабылданып кеткен Кедендiк одақтың өзiндiк зардабы да айқын сезiле бастады. Әзiрге ол экономикалық тұрғыда көрiнiс бергенiмен алдағы уақытта оның мемлекеттiк тiлге де, тiптi тәуел­сiздiгiмiзге де қауiп төндiретiнiн па­йымдау қиын емес. Сондықтан бұл орайда да ойланар мәселелер жетер­лiк. Билiк жетiстiк ретiнде бағалаған Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-20 жылдарға арналған Мем­лекеттiк бағдарламасының да кем­шiлiгi шаш-етектен. Ең бастысы, бұл бағдарламада мемлекеттiк тiлдi өзге тiлдермен теңестiрiп қою ниетi бай­қалады. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл екенi мүлде аңғарылмайды. Егер бағдарламада қадап айтылғанындай орыс тiлiнiң функциясы мемлекеттiк тiлмен тең сақталар болса, онда қазақ тiлiнiң мәртебесi ешқашан көтерiл­мейдi. Бұл кезiнде қоғамдық ұйымдардың табандылық танытуы нәти­жесiнде қол жеткiзген, президент қол қойған «Ел бiрлiгi» доктринасындағы «Барлық қазақстандықтар, әсiресе өскелең ұрпақ, мемлекеттiк тiлдi меңгеруi қажет» деген талапқа тiкелей қайшы келедi.

Бiр мәселенi айта кетуге тиiспiз. Билiк алдыңғы жылы да, өткен жылы да, бұл жолы да «Мемлекеттiк тiлдi қолдау» акциясын өткiзбеуге мей­лiнше тырысып бақты. Қала басшылары былтыр да, биыл да бiз «Мемле­кеттiк тiлдi қолдау» акциясын өткiзетiн күнге «Қала күнiн» мерекелеудi дәстүрге айналдырып алды. Бiз сұраған Алматыдағы Астана алаңы мен Ш.Уәлиханов ескерт­кiшi маңындағы алаңды беруден бас тартты. Тiптi Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайына да келiсiм бермедi. Басқа амалымыз болмаған соң Медициналық университеттiң залын алуға мәжбүр болдық. Сол 750 орындық залдың үштен бiрiндейi толмады. Себебi, билiктiң өз құзырындағы жоғарғы және орта, арнаулы оқу орындарына, мектептерге, емханалар­ға, мекемелер мен кәсiпорындарға «Мемлекеттiк тiлдi қолдау» акциясына қатыспау туралы жасырын тапсырма бергенi белгiлi болды. Акцияға Өнер академиясы мен ҚазҰУ-ден келген студенттер өздерiне жатақханадан шығуға тыйым салынғанын, М.Шаханов ұйымдастырып отырған жиынға бармау керектiгi туралы үгiт жүргiзiлiп, декандарының «егер бұған құлақ аспайтындар болса, оқуларымен қоштаса берсiн» деп күш көрсеткенiн айтты. Кейбiр жоғары оқу орындары декандарының акция өтетiн жердi төңiректеп, өз сту­денттерiнiң келген, келмегенiн бақылап жүгендерi де әйгiленiп қалды. Мiне, осылайша билiк тарапынан жүргiзiлген айла-шарғылар Республикамыздың әр адамына азаматтық мiндет боп есептелетiн «Мемлекеттiк тiлдi қолдау» акциясына келушiлердiң жолын кестi. Алайда бiз оған мойымаймыз. Өйткенi тiлдi, ұлтты қорғау ешкiмнiң жеке мүддесi емес.

Бiз жыл сайын өткiзетiн «Мемле­кеттiк тiлдi қолдау» акциясында өз талаптарымызды билiкке қайталап қоюмен келемiз. Бiрақ олар әлi күнге дейiн тiл жанашырлары көтерген мәселелер төңiрегiнде оң шешiм қабылдаған емес. Билiк тек бастауын «американдық ұлттан» алатын, көп ұлттан бiр ұлт жасауға негiзделген «қазақстандық ұлт» идеясы мен 1 млн. гектар жердiң Қытайға жалға берiлуiнен ғана бас тартқандай болды. Өзге проблемалар сол күйi қалды. Сондықтан бiз бұрын көтерiлген мәселелерге жаңа талаптар қосып, қайта ұсынып отырмыз:

1. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл мәртебесiн алғанына 21 жыл толса да, әлi күнге дейiн мемлекеттiк тiл туралы арнайы заң жоқ. Мемлекеттiк тiлге деген мұндай немқұрайдылықты бiзден өзге бiрде-бiр өркениеттi елден кездестiре алмайсыз. Сондықтан Қазақстан Парламентi «Мемлекеттiк тiл туралы» заңды биылдан қалдырмай қабылдауы тиiс;

2. Мемлекеттiк тiлдi үштiң бiрi етiп әлсiретуге, орыс тiлiн де мемлекеттiк тiл ретiнде заңдастыруға бағытталған, қитұр­қы саясат негiзiнде өмiрге келген, балабақшадағы екi жасар нәрес­теден бастап үйренуге мiндеттелген «Үш тұғырлы тiл» саясаты «әркiм бiрiншi кезекте өз анасын, өз ана тiлiн бойға сiңiруi керек» деген әлемдiк ұстанымға және педагогикалық қағидаттарға қайшы келедi;

3. Мемлекеттiң бiртұ­тасты­ғы мен қоғамдық бiрiздiлiктiң сақталуы үшiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабының 2-тармағы өзгертiлуге тиiстi. Яғни, «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген норма алынып тасталып, оның орнына «мемле­кеттiк ұйымдарда және жер­гiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ, өзге де қоғамдық емес ұйымдардың iс қағаздары тек қана мемле­кеттiк тiлде жүргiзiледi. Мем­ле­кеттiк тiлге ешқандай тiл теңестiрiлмейдi» деген норма енгiзiлуi тиiс;

4. Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң құрамында Тiл комитетi қызмет етiп келедi. Турасын айтсақ, ми­нис­трлiк аясындағы комите­т­тiң құзыры қордаланып қал­ған Мемлекеттiк тiл проблемаларын шешуге дәрменсiз. Сондықтан Мемлекеттiк тiл агенттiгiн құруды ұсынамыз;

5. Елiмiздегi қалалар мен елдiмекендерде түгелдей дерлiк алабажақ жарнамалардан аяқ алып жүре алмайсыз. Олар орысша, ағылшынша, тiптi басқа тiлдерде көрiнiс табады. Қазақшасы сауатсыз, сақау жарнамалардан көз сүрiнедi. Мұндай мәнсiздiктi және басқа да проблемаларды реттеу үшiн Тiл инспекциясын құру қажет деп бiлемiз;

6. Мемлекет басшылары мен лауазымды қызмет иелерi барлық отандық, шетелдiк ресми кездесулерде мемле­кеттiк тiлде сөйлеу­ге мiндет­телiп, республика көлемiндегi мемлекеттiк iс-шаралар, мем­лекеттiк тiлде жүргiзiлсiн. Мемлекеттiк тiлдi бiлмейтiндер iлеспе аударма қызметiн пайдаланатын болсын. Мемлекет­тiк тiлдi мойындамайтындар, оны оқып, үйренуге тырыспайтындар - мемлекеттiк қызметке алынбасын;

7. Мемлекеттiк тiлдi дамытудың инновациялық-технологиялық орталығын құру және қолданбалы тiлмен айналысатын арнайы институт ашу да аса қажеттi iс. Себебi, ХХI ғасырда қазақ тiлiн ғылым-бiлiмнiң, экономиканың, банк жүйесiнiң, салық саласының (т.б.) төл тiлiне айналдыру кезек күттiрмейтiн мәселе. А.Байтұрсынұлы атындағы институт теориялық iргелi ғылыммен айналысудан аса алмай отыр. Мемлекеттiк тiлдi барлық салаға бiр жүйемен ендiру үшiн онымен арнайы институт айналыспай болмайды;

8. Тәуелсiз ел атанғаны­мыз­ға 19 жыл, қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебе алғанына 21 жыл толса да мем­лекеттiк тiлде 24 сағат хабар тарататын бiр телеарнаның болмауы - елдiгiмiзге сын. Билiк үш телеарна ашуға уәде бердi. Бiрақ бұл да құрғақ уәж бола ма деп қауiптенемiз. Тiптi кейбiр телеарналардағы қазақ тiлiн­дегi хабарлардың көбi түн жарымына қарай ысырылған, немесе аударма ұзын-сонар кинофильмдер арқылы қазақ тiлiне бөлiнген уақыт есе­бiнен толықтырылған. Бұл салада да егемендi мемле­кеттiң рухына сай жаңа көзқарас, жаңа өзгерiс қажет;

9. Бүгiнгi таңда Қазақстанның ақпарат кеңiстiгiн Ресейдiң бұқаралық ақпарат құралдары он-он бес есе басымдықпен жаулап алғаны ешкiмге құпия сыр емес. Кейде көкейде «Осы бiз Қазақстанда тұрамыз ба, немесе Ресей Федерациясының қарамағына енiп кеттiк пе?» деген сұрақ көлденеңдейдi. Халыққа анда-санда елдегi шындықты айтып тұратын «31-телеарна» да Ресей алпауытына сатылып, егемендi ақпараттық тәуелсiздiгiмiзге елеулi деңгейде көлеңке түсiрдi. Ендi Қазақстанға келiп тарайтын 5 мыңнан аса Ресей газет-журналдарына қосылып, бұл арна да Ресей идеологиясын алға тарта бас­тады. Ақпараттық экспан­сия­ның салдарынан мемле­кет­тiк тiл өрiсi күрт құлдырады. Сондықтан Қазақстанның ақпарат кеңiстiгiн басқа елдердiң идеологиясын насихаттау мақсатында пайдалануға жол берiлмесiн;

10. Қазiр әрбiр мектеп бiтiрушi түлек қай тiлде оқығанына қарамастан қазақ тiлiнен тест тапсырады. Алайда, орыс мектебiн бiтiр­ген оқушы үшiн ол тестiң ешқандай құндылығы жоқ. Сондықтан мемлекеттiк тiлден тапсырылған тест барлық жағдайда ҰБТ нәтижесiнде ескерiлуi тиiс;

11. Шетелдегi қандастарымыздың тiлi мен төл мәдение­тiн, салт-дәстүрiн сақтау мәселесi жыл өткен сайын күрделенiп келедi. Билiк олар­ға қамқорлық танытудың орнына, елiм, жерiм, тiлiм деп келген қазақтардың өзiне орыс тiлiн бiлу қажеттiлiгiн алға тартуда. Бұл - мемле­кеттiк тiлдi мансұқтау әрi оралмандар құқығын аяқасты ету болып табылады. Сонымен қатар олардың атамекенге ора­луын­ едәуiр деңгейде шек­тей­­дi. Бiз билiктiң қандас бауырларымызға деген мұн­дай көзқарасымен келiспей­мiз;

12. Президент мырза, тiл саласындағы тартыс тым ұзаққа созылды. Қазiр Мем­лекеттiк тiлдi дамыту, дамытпау, қазақ ұлтын сақтап қалуға тырысу, не тырыспау бiр-ақ адамның, негiзiнен өзiңiздiң ғана қолыңызда тұр. Егер Сiз таңертең тапсырма берсеңiз, түс қайта барлық облыстың әкiмдерi, барлық министрлер, аудан, мекеме басшылары iске кiрiседi. Елдiң бұған көзi анық жеттi. Сондықтан да бiз көтерiп отырған мәсе­ленiң дұрыс шешiм табуы тiкелей өзiңiзге ғана байланысты.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2156
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2563
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2424
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1664