Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Деп жатыр 3470 0 пікір 19 Қаңтар, 2017 сағат 14:30

ГЕЙ-КЛУБТА ҚЫРҒЫН САЛҒАН ЛАҢКЕСТІҢ ӘЙЕЛІ ӨМІР БОЙЫ ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛУЫ МҮМКІН.

Ақш-та 2016 жылдың 12 маусымында Орландодағы Pulse клубына келушілерді қырып салған террорист Омар Матиннің әйелі Нур Салман өмір бойы бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Себебі ол 49 адамның өмірін қиған лаңкеске осы ойын іске асыру үшін көмектескен, деп хабарлайды Associated Press. Калифорния штаты сотының қорытынды шешіміне сәйкес, ол күйеуінің гей-клубқа шабуыл жасайтынын алдын ала біліп, тіпті оған бұл қылмысты жасау үшін көмектескен. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 12 маусымында Орландо қаласындағы Pulse гей клубында ер адам автомат қарумен 49 адамды атып тастады. Оқиға салдарынан 50-дан аса адам жараланды. Оқиға орнына жеткен полиция сол жерде лаңкестің көзін жойды. Артынша оның Ауғанстан жерінен шыққан және сол кезде АҚШ-та тұрақты тұрып жатқан 30 жастағы Омар Матин болғандығы анықталды.   Матиннің әйелі АҚШ азаматшасы Нур Салманды Федералды тергеу бюросының агенттері 16 қаңтар күні тұтқындаған болатын.

Нұрсұлұ Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1678
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1629
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1362
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1296