Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3367 0 пікір 19 Қаңтар, 2017 сағат 17:09

Серік Ахметовтің жаза мерзімі рақымшылық бойынша азайтылды

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, 2015 жылдың соңында коррупция айыбымен сотталған Серік Ахметовтің жаза мерзімі азайтылды. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша Ахметовтің жазасының өтелмеген мерзімінің төрттен бірі азайтылған.

Сот Ахметов жазасын өтеп жатқан Қарағанды облысының Қарабас кентіндегі 159/18 колониясында болған. Сот шешімі бойынша, Ахметовтің жаза мерзімі бір жыл жеті ай 11 күнге азайтылған.

Ахметовтің жаза мерзімін азайту туралы ұсыныс Қарағанды облысының Абай аудандық сотына 11 қаңтарда түскен. Соттың хабарлауынша, ұсынысқа 159/18 колониясы басшысының қолы қойылған.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен Қарағанды қаласы және облысының бұрынғы шенеуніктерінің ісі бойынша сот 2015 жылы желтоқсанда аяқталған. Іс бойынша 21 адам сотталған. 12 сотталушы үкімге қарсы шағым берген. Сот Серік Ахметовті "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деп айыптап, 10 жылға соттаған. Сот Ахметовтің дүние-мүлкін тәркілеуге үкім етіп, 5 жыл мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салған. 2016 жылы наурызда апелляциялық инстанция Серік Ахметовтің жазасын 10 жылдан 8 жылға азайтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1702
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1659
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1390
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1320