Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2430 0 пікір 20 Қыркүйек, 2010 сағат 06:24

Саудабаев Пан Ги Мунды ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммитіне қатысуға шақырды

Астана. 20 қырқүйек.ҚазТАГ – ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев жексенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесуде оны ЕҚЫҰ-ның Астанада өтетін саммитіне қатысуға шақырды.

СІМ хабарламасында айтылғандай. «Қанат Саудабаев әңгімелесуші тарапты алдағы желтоқсан айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитіне дайындық барысымен таныстыра отырып, оған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан осы форумда ғаламдық халықаралық ұйымның басшысы ретінде қатысуға шақыруын табыс етті».

Кездесу барысында әңгімелесуші тараптар Орталық Азия аймағындағы, атап айтқанда, Қырғызстан мен Ауғанстандағы жағдайды талқыға салды.«БҰҰ Бас хатшысы біздің ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қырғызстандағы жағдайды реттеуде және Ауғанстандағы соғыстан кейінгі экономикалық және гуманитарлық ахуалды қайта қалпына келтіруде жұмсап отырған күш-жігерімізге жоғары баға берді».

Қазақстанның ең басты халықаралық ұйыммен ынтымақтастығы жөнінде сөз қозғай отырып, Пан Ги Мун Астана бастамасымен алғаш рет БҰҰ шеңберінде ядролық қарудан бос халықаралық күннің өтуінің маңыздылығын жеткізіп, аталған шарада өзінің жеке қатысқандығын хабардар етті, делінген хабарламада.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2156
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2562
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2421
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1664