Сенбі, 27 Сәуір 2024
Деп жатыр 3467 0 пікір 25 Қаңтар, 2017 сағат 17:14

БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖАҢА КАПИТАНЫ АНЫҚТАЛДЫ!

Әділбек Ниязымбетов – бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны. Бұл туралы еліміздің Бокс федерациясына сілтеме жасап kaz.vesti.kz хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін құраманың капитаны міндетін атқарып келген Данияр Елеусінов Риода өткен Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Енді бұл міндетті маңғыстаулық боксшы Әділбек Ниязымбетов атқарады.

«Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен және команда боксшыларымен ақылдаса келе біз капитандық міндетті Әділбек Ниязымбетовке бердік», - делінген федерация таратқан жаңалықта.

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов – қазақ боксы тарихындағы ең табысты боксшылардың бірі. Оның еншісінде Олимпиада ойындарының екі күміс жүлдесі, әлем чемпионатының екі күміс жүлдесі және Азия ойындары мен Азия біріншілігінің алтын жүлделері бар. 

 

Сайтқа әзірлеген Нұрcұлу Найманова.

Abai.kz

0 пікір