Сенбі, 19 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107199. Жазылғандар — 101822. Қайтыс болғандар — 1671
Деп жатыр 3311 0 пікір 31 Қаңтар, 2017 сағат 20:16

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚЫЗДАРҒА ШЕТЕЛДЕ ЖЕЗӨКШЕЛІК ЖҰМЫС ҰСЫНЫЛУДА.

Әлеуметтік желіде қыздарға шетелде интимді қатынас қызметі ұсынылуда. Редакцияға 21 жастағы Нұргүл есімді бойжеткен хабарласып, Linda Tod жұмбақ атаумен желі қолданушысының осындай ұсыныс жасағанын айтты. Бұл туралы tvk арнасы хабарлайды.

«Маған жұмыстың интимді қызмет екенін айтты. Түркияға не Дубайға баруға ұсыныс жасалды. Түнгі клубта жігіттермен танысып, оларды қонақүйге тарту керек екен. Кейін интимді қатынас қызметін 50/50 етіп бөледі. Бұл адам «Top Face Kazakhstan», «Top Face Ukraine» және өзге де топтарға тіркелген. Қиындықта қалған көп қыздар осындай жеңіл жолдарға келісіп жатады. Сондықтан қыздарға мұндай жолға түспеуін ескерткім келеді. Құқық қорғау органдары осындай топтарды бұғаттаса екен», – дейді Шымкент тұрғыны Нұргүл.

Белгісіз жұмыс беруші қызмет жалақысы жоғары екенін айтқан. Өзімен What’s app пен Viber арқылы сөйлесуді ұсыныпты. Оның парақшасына Қазақстан, Украина, Ресей елінен 10 шақты қыз тіркелген. Ол желіге тіркелген кез келген қызға осылай ұсыныс жасай алатынға ұқсайды.

 

Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір