Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Мәйекті 5194 0 пікір 1 Ақпан, 2017 сағат 15:17

И.ТАСМАҒАМБЕТОВ: «АЛАШ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАУ КЕРЕК»

Биыл «Алаш» автономиясының 100 жылдығы. Алаш қайраткерлерінің қазаққа сіңірген еңбегі өлшеусіз. Олар бастаған жол – азаттық жолы. Былтыры Алаштың ту ұстаған көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланғаны белгілі.

«Алаш» автономиясы бүгінгі Қазақстан Республикасының негізі. Осы тарихи маңызы зор тойды елдік деңгейді атап өту үшін Астанада Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен кеңес өтті.

«ХХ ғасырдың басында ұлттың зиялылары азаттық үшін болған көп ғасырлық күресте маңызды рөл атқарды. «Алаш» алғашқы саяси партиясы және Алаш Орда үкіметінің пайда болуы азаматтық кемелденген және халықтың болашақ тағдырын шеше алатын қазақтың саяси зиялыларының жоғарғы әлеуетін көрсетті» (strategy2050.kz), - деп  Алаш ардагерлеріне саяси баға бере сөйлеген Тасмағамбетов тойы қамына кірісуді жеделдетуді айтып, бірқатар тапсырмалар да берді.

«Алаштың 100 жылдығына дұрыстап дайындалуымыз керек. Қазір ең бастысы, жақсы жоспар құруымыз қажет. Оған бір-екі аптадай уақыт алып, дұрыс жоспар құрып, оны Елбасымен келісіп, уақытын белгілеген жөн. Алаштың 100 жылдығы сол заманмен қалып қоймай, бүгінгі тәуелсіз мемлекетпен байланыстыру орынды болады. Алаш зиялыларының арманы, оның орындалғаны, тәуелсіз ел болғанымыз, осының барлығы ұлттық және тарихи сананы көтеретін жақсы дүние болуы керек» (strategy2050.kz) деген Тасмағамбетов Алаш автономиясын құру мен қалыптастыруды, оның ісін жалғауда еңбек етіп, ұлт жолында басын бәйгеге тіккен зиялылардың  өмірі мен шығармашылығы, қызметін зерттеп, кітап ғып шығару, деректі фильм түсіру сынды мәселелерді қолға керектігін айтты.

Тасмағамбетов Алматыға келген сапарында Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барып, аралап көріп, мұражай үйге мемлекеттік мәртебе беру туралы сол жерде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тапсырма берген еді. Әрі Ахмет Байтұрсынұлының 10 томдық еңбегін шығаруды да тапсырған.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1754
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1727
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1449
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1370