Жұма, 26 Сәуір 2024
Мәйекті 4198 0 пікір 3 Ақпан, 2017 сағат 12:24

THEGUARDIAN: ЕРДОҒАН «ТӨҢКЕРІСТІ» БҰРЫННАН БІЛЕТІН, ҚОЛДАНДЫ

The Guardian: Англия бұрыннан дайындығы жасалған «төңкеріспен» қарсыластарын тұқыртқан Ердоғанға қару сатылуын пікірталасқа салуда. Andres Smith: Түрік халқының құқықтары, қару фирмаларының пайда табуынан да маңызды.

(https://www.theguardian.com/world/2017/jan/22/uk-arms-sales-turkey-rights-abuse)

Англия ең ірі қару сатып алушылардың бірі болған Түркияға қару сатуды тоқтатуды пікірталасқа салуда. Ердоғанның әсіресе 15 Шілдеден кейін қарсыластарына қарсы жүргізген қысымы мен қоқан-лоққы саясаты, түрмелерде жасаған қорлықтары осы пікірталасқа себеп болуда. The Guardian- да жарық көрген сараптамада Англияның 15 Шілдеден кейін қарсыластарды әбден титықтатқан Ердоған Түркиясына 50 миллион пундтық қару мен әскери логистика сатқаны әрі Түркияның ағылшындар жасаған қаруларын ең көп алатындардың бірі екені баса айтылды. Ердоғанның адам құқықтарын бұзуы осы сауда-саттықты қарастыруға түрткі болғаны айтылды.  

Ердоған лауазымды басып алуға әрекет жасауда

The Guardian-ның сараптамасында Түркия Жоғарғы мәжілісінен өткен ата заңға өзгерістер енгізуге де кең тоқталды. Ердоғанның лауазымы кең жаңа ықпалға ие болатыны, министрлерді, соттарды өз қалауынша таңдай алатындығы сөз болды. Премьер-министрлікті тұтастай жойғаны айтылды. «Айтылған сындар осының бәрі ықпалдылықты басып алу үшін жасалуда» деп жазды.

Қара тізімге қатысты

Сараптамада Ердоған Түркиясының ел азаматтарына өз қалауынша жасаған істеріне де барынша орын берілді. 15 шілдеден кейін 125 мыңнан аса адамның қызметінен қуылғаны немесе мамандығынан шеттетілгені, 40 мыңға жуық отандастардың тұтқындалғаны айтылды. Адам құқықтары ұйымдарының қарсыластарды қорлағаны сөз етіліп, жағдайдың қаншалықты асқынғаны былайша тұжырымдалды: Түркия 10 мың әлеуметтік желі қолданушыларын терроризмді қолдай ма, қолдамай ма деп қарастырғанын айшықтады.  

«Ердоғанға қару сатпаңдар»

The Guardian сараптамасында былай делінді: Tүркияға қару сатылуына қарсы үгіт жүргізгендердің бірі Андрей Смит "Түркияда саяси жағдай белгісіз. Қысым бұдан да артатын тәрізді» деп, бұған алдын алу шарасы жасалуы керектігін ескертті. Смит былай деп жалғастырды: «Қару сатуын емес, адам құқықтарын  қолдауды арттыруды әрі осыған қатысты сақтық шараларын жасаудың дәл уақтысы. Төңкерістен кейін орын алған жайттар Түркияда демократияны эрозияға ұшыратты әрі Англия бұл жағдайды қалыпты деп қабылдай алмайды. Түрік халқының құқықтары қару фирмаларының пайда табуынан әлдеқайда маңызды» 

Ердоған төңкерісті білетін, қолданды

The Guardian бұдан бөлек 15 Шілдедегі төңкеріске қатысты күдік-күмәндарға да назар аударып, төңкеріс сценарийіне байланысты Европалық Одақтың өткен апта жариялаған баяндамасын еске салды. Газет «Ердоған төңкерісті білетін, қарсыластарына қарсы операция жасау үшін әдейі жол берді» деген мәліметті бөлісті әрі былай деп жазды: «Европалық Одақ баяндамасы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Қызметі болашақта проблема шығаруы мүмкін барлық қарсыластарды тұқыртуға дайындықты көп жылдан бері жасап келеді. Бұл тізімде 2013 жылғы Гези паркте Ердоғанға қарсы шеруге қатысқан қоғам белсенділері де бар. Төңкерістің ізін ала жеке адамдарды тұтқындау әрекеттері бұрыннан дайындалған болатын. Төңкеріс бұрыннан жоспарланған әрі қарсыластарды құрту үшін арнайы дайындалған». 

ӘзірлегенДосжан Берік-тегі

Abai.kz

0 пікір