Сенбі, 27 Сәуір 2024
Білгенге маржан 13226 0 пікір 6 Ақпан, 2017 сағат 11:07

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ ҚИЫН ЕМЕС!

Ғалия Жорабекқызы  қазақ тілін орыс тілді азаматтарға үйрету мәлеселерін зерттеп, нәтижесінде «Қазақша ойлауды қалыптастыру» деп аталатын кітап жазып шықты.


Өзінің сұхбатында; "Тілді меңгеру дегеніміз – адамның өз ойын қиналмастан, қазақша еркін жеткізуі, сонда ғана, тілдік кедергілер, тіл шорқақтығы болмайды", - деді Ғалия Жорабекқызы. Оның айтуынша, өзге тілді үйрену үшін, ең алдымен сол тілдің грамматикалық ережелеріне, өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударып, сөздік қорын білу және пайдалана алу керек.

 Қазақ тілін үйренуге бар-жоғы 9 ереже және 3 қадам жеткілікті. Сол арқылы тілді аз уақытта түсініп, толық сөйлеп, кетуге болады. Кез-келген тілді үйрену үшін зат есіммен, етістікті меңгеру керек. Қазақ тілінде зат есімнің 4 жалғауы бар, етістіктің бастапқы деңгейде 3 шағы және қалау райы қажет. Оған керекті Үндестік заңын қосамыз, барлығы 9 ереже. Осы 9 ережені пайдалана отырып: 1. Орыс тілді сөйлем құрып. 2. Сөйлемдегі әр сөзге баяндауыштан сұрақ қоя отырып, сөздердің орын тәртібін анықтап, 3. Сөйлемдегі бар зат есімдерді 4 жалғау бойынша жүргізіп, ал етістікті шақ бойынша қою керек.

Бағдарламаның негізі, жүйесінің ерекшелігі, оқу жолы, ұтымды әдістері, бірінші сабақта түйінделіп жеткізіледі. Бірінші сабақта тыңдаушылар ойын орыс тілінде сөйлемге құрып, оны тірек кестелерін пайдалана отырып, қазақшаға аударады. Тыңдаушылар жарты жылдың ішінде, айтарын қазақшаға еркін, тірексіз аудара білу керек.

Төртінші сабақтан бастап, әр сабақта кестелерді пайдалана отырып, орыс тіліндегі сөйлемдерді қазақшаға аудару, содан соң еш бір жаңа ережесіз лексикалық 15 тақырыптарды жалғастыру. Бірінші айда, сол 9 ережені жан-жақты түсініп, қолданып, жаттанды түрге жеткізіп, сөздерді орын тәртібіне лайықтап қоя білуге дағдыландыру қажет. Тыңдаушы сөздік қорымен жұмыс істегенде әр сөзді «зат есім және етістіктің жаңа сөзбен жұмыс істеу кестесіне » енгізе отырып, сөздерді жаттанды түрде емес, ойлана отырып, ережелерді қайталай отыра, бар өзгерістерді байқай отыра, саналы түрде қабылдайды.

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір