Сенбі, 4 Мамыр 2024
Билік 6123 0 пікір 8 Ақпан, 2017 сағат 10:03

«ШЕТЕЛДЕГІ ОТАНДАСТАРДЫ ҚОЛДАУ» ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАСАҚ...

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа

Аса Мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы бастамаңызды толық қолдаймын. Сонымен бірге «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жаңа Жолдауыңызды да толық қолдай отырып, өз ойларыммен бөліскім келеді.

Тәуелсіз, жаңа, әлеуетті Қазақ Елін құру, бүкіл дүние жүзіне танытудағы Ұлы еңбегіңізді бұл күнде әлем xалқы мойындады. 

Тәуелсіздіктің төбесі көріне бастаған сонау бір елең-алаң тұста Сіз батыл шешім қабылдап, көрегендікпен жолға қойған Көші-қон саясаты да өз жемісін беріп үлгірді, 25 жылда миллионнан аса қандасымыз атажұртына оралды. Міне бұл сіздің жолдауда айтқан «Сапалы адам капиталын дамыту» туралы тапсырмаңызға саяды. Жолдауда көрсетілген 5 басымдылықты жүзеге асыру үшін алдымен заңдық негіз бен  дұрыс механизм керек екені белгілі!

Сол тұрғыдан алғанда «Қазақстар Республикасының Шетелдегі Отандастарды қолдау туралы заң жобасын» қабылдау керек деп есептеймін!

Бұл – ұлты қазақ қандастарымыз бен тарихи тағдырын Елімізбен байланыстыратын Отандастарымыздың көптен күткен арманы. Сапалы адам капиталын қалыптастыру және тарту үшін маңызды Заңдық негіз жасар еді. Оның үстіне Еліміздің туристік саласын дамыту, инвестиция тарту, мамандарды тарту сынды ұзақ болашақтық дамуымызға Ұлттық қауіпсіздігімізге зиян келтірмейтін, ыңғайлы саясат болмақ. Бұл Сіздің «Қандастарымызды қолдау» саясатыңыздың жемісті жалғасы болар еді.

Біз өз тарапымыздан «Қазақстар Республикасының Шетелдегі Отандастарды қолдау туралы заң жобасын» дайындап қойдық. Егер де бұл іс қолға алынып жатса, дайын заң жобасын Парламент қарауына ұсынамыз.

Аса Мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біз Өзіңіз басшылық еткен, дамудың даңғыл жолына түскен Тәуелсіз Елдің жастары ретінде Сізді қолдаймыз, Тәуелсіз Елдің болашағы үшін аянбай еңбек етуге бармыз!

Құрметпен:  журналист, ақын Бейсен Ахметұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1083
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 974
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 717
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 821