Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 7661 1 пікір 9 Ақпан, 2017 сағат 12:21

БАЛАЛАР ҮЙІНЕ КӨМЕК БЕРГІҢІЗ КЕЛСЕ...

Бүгін балалар үйіне біреулер нан, сусын, тәтті-тәбіз әкелді. Бәрінен де нан көп. Әрине бұл- қуаныш. Егер сіз балалар үйіне қайырымдылық жасағыңыз келсе мынаны айтайын. 

Бұрындары да айтып едім. Көптеген адамдар балалар үйін тамағы жоқ, аш орта ретінде елестетеді. Сол себепті көбінесе тамақтар әкеледі. Жоқ, балалар үйі кәдімгі мемлекеттік мекеме. Киім-кешек, азық-түлікке бөлінетін қаражат жеткілікті әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Сондықтан балалар үйіне киім-кешек, азық-түлік әкелудің қажеті жоқ. Әкелсеңіз олар жоқ болып кетуі әбден мүмкін. Мереке кездерінде мұндай дүниелер тіпті көбейеді. Ал оның бәрі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді. Сауап- тамақ берумен, киіндірумен шектелмейді.

Балалар үйіне қайырымдылық жасағыңыз келсе тек оларды қуантыңыз. Мүмкіндік болса кинотеатрға апарып мультфильм көрсетіңіз, болмаса мейрамханаға апарып тамақтандырыңыз да сонда билетіңіз немесе ойынататын арнайы жерлерге апарып ойнатыңыз. Әрине бұл бұл көпшілікпен бірігіп жасалатын іс. Тіпті болмаса келіп концерттік іс-шара ұйымдастырып беріңіздер. Жақсы көңіл-күй сыйлау оларға үлкен қуаныш. Басқа оларға көп ештеңе қажет емес. Әйтпесе олардың ішкені алдында, ішпегені артында. Біз өзі күнәмізға қараймызба әйтеу сауапты балалар үйінен ғана алғымыз келеді де тұратындай. Мынау қоғамда қаншама тұрмысы төмен отбасы бар. Олар көңіл-күй қуанышқа кенде емес, керісінше материалдық тұрғыда жетіспейді. Жаңағы нан, тәтті-тәбіз азық-түлікті осындай отбасыларға берсеңіздер қуаныш пен шын ықыласты ала аласыз. 

Бір орта қуаныш пен көңіл күйді қалайды, бір орта шын көмекті қалайды. Соны ажырата білейікші...

Нұрбол Ханағат

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1139
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1040
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 897