Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3128 0 пікір 20 Ақпан, 2017 сағат 23:06

Астана Атамбаевтан жауап күтеді

Қырғыз Республикасының Президенті Алмасбек Атамбаев өткен аптада Еуропа елдерін аралап, Euronews арнасына сұхбат берген болатын. Сұхбат барысында қырғыз елінің басышысы Еуразиялық экономикалық одақ туралы айта келіп, «аталған одаққа кірмесек біз қоршауда қалатын түріміз бар», -  деді.

«2010 жылы, - деді Қырғыз Президенті, - Қазақстан бізге 1,5 ай экономикалық блокада қойып еді, арада тіпті адам өлімі болды».

Көрші елдер арасында барыс-келіс, сауда-саттық болып тұруы керек. Осы жайтты аңғартқан Атамбаев ЕАОЭ-ға мүшелікке өтуге аса зәру болып отырғанын білдірді.

Ал, бүгін Қазақстанның Сыртқы істер ведмоствосы Атамбаевтың сөзіне байланысты кейістік танытты.

«Біз Қырғызстан Президентінің сөзіне назар аударып отырмыз және қырғыз тарапынан түсінік берілуін күтеміз», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз мәлімдемесінде.

Абай-ақпарат

0 пікір