Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2773 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 07:45

Қазақтың тілі көршілерде де теперіш көріп жатыр

Көрші елдердегі қазақтар ана тілін оқып, үйренуге мүмкіндік ала алмай отыр. ҚР Білім және ғылым министрі Жансейт Түймебаев тіл мәселесіне осындай алаңдаушылық білдірді.
– Өзбекстанда жыл сайын тоғыз қазақ мектебі жабылуда. Осының салдарынан үш мың тұрғын орта білім ала алмай отыр. Ал Түрікменстандағы қазақ мектептерінің барлығы түрікмен тілінде білім беретін мектептерге айналса, Ресейде қазақ тілінде оқытатын бірде-бір мектеп қалған жоқ, – деді министр, – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аз ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Кнут Воллебекпен кездесуде. Министр: «Егер Қазақстаннан тыс жерлерде бес миллионға жуық қазақ тұратынын ескерсек, онда бұл мәселе көкейкесті проблема болып табылады және ашық күйінде қалып отыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, Қазақстанда мекендейтін аз санды ұлттардың өкілдерінің білім алуына кең көлемді мүмкіндіктер беріліп отыр, – дегенді құлаққағыс етті.
Егер білім министрінің бұл сөзін нақтылай түссек, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 79 мың 426 жас осындағы 65 мектепте таза өзбек тілінде білім алса, осы аймақтағы 75 аралас мектепте де өзбек тілі жүргізіледі.

Ал Алматы облысы мен Алматыдағы 14 орта мектепте 14 мың 955 бала ұйғыр тілінде білім нәріне сусындауда. Бұған қоса, осы облыста тұратын 3 мың 503 жасөспірім осындағы екі мектепте тәжік тілінде білім алуда. Сондай-ақ 15 мың бүлдіршін өздерінің ана тілі – неміс, поляк,корей, дүнген, татар, украин, түрік, әзірбайжан, күрд, ұйғыр, шешен, грек, армян, және ивирт тілдерін оқып үйренуде. ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссарына осындай мәліметтерді көлденең тарта келіп министр Ж.Түймебаев: «Біз де дәл осындай іргелі істердің көршілес елдерде жүзеге асырылуын қалаймыз», – деп ой түйді.

«Айқын» газеті 29 мамыр 2009 жыл

0 пікір